ҒАЛЫМДАР ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ ТАБИҒИ ЖОЛМЕН ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ
«Жан алғыш молекулалар» ракпен күресуге қауқарлы, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
АҚШ Солтүстік-Батыс университетінің ғалымдары адам организміне қатерлі ісікті жеңуге көмектесетін табиғи тетікті тапты.
Зерттеушілер алғашқы көп жасушалылардың қатерлік ісікпен күресе алатын жүйесі болғанын анықтады. Оның негізгі элементі кез келген мақсатты генді «өшіретін» қысқа реттеуші РНҚ болған. Эволюция процесі кезінде сүтқоректілердің иммундық жүйесі мұндай функциядан айырылды, алайда ғалымдар оны зертханалық жағдайда «мәжбүрлі түрде» қайта жандандырған.
Мамандар тышқандарға сынақ жүргізді. Нәтижесінде нанобөлшектер көмегімен «жан алғыш молекулаларды» неғұрлым көбірек тарату бүлінген клеткалардың дамуын тежеп, қоректен айыратыны және ісік тінінің деградациясына әкеп соғатыны анықталды. Оның үстіне қысқа РНҚ сау клеткаларға айтарлықтай зиян тигізбейді. Процесс кезінде мамандар рактың мұндай емге нөлдік төзімділік көрсеткенін ерекше атап өтті.
«Біздің зерттеуіміз жасушаларды «өшірудің» табиғи механизмімен байланысты», - деді зерттеу авторларының бірі Маркус Петер.
Алайда, ғалым қысқа РНҚ-ны зерттеу әлі аяқталмағанын атап өтті.