Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЯҚТЫҢ ІСІНУІ: СЕБЕБІ ЖӘНЕ ЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ

АЯҚТЫҢ ІСІНУІ: СЕБЕБІ ЖӘНЕ ЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ

Жаз айында қыздар жұмыстың аяғына қарай өз аяқтарының ісініп кеткендігін байқап жатады. «Суға тойып, үрленген аяқтар» құдды бір ара шағып алған секілді көрінетіні де рас. Аяқтың ісінуі көп жағдайда тіндер мен бұлшықеттерде сұйықтық жиналып қалған кезде байқалады. Егер ісік қайтпаса не оны емдемесе, ол асқынып, тіпті жүруде кедергілер туындатуы әбден мүмкін, бұл сонымен қатар қан айналымның төмендеуіне әкеп соқтырады.

Аяқтың ісіну проблемасы кез келген жаста болуы мүмкін, алайда бұл көбіне ересектерде ұшырасып жатады. Егде адамдарда қан тамыр жүйесінің және аяқ бұлшық еттерінің «бұзылуынан», сонымен қатар сусамырға шалдығуынан аяқтың ісінуі байқалады. Бұл проблема спортшыларда, аяққа тұрып көп жұмыс істейтін адамдарда да бар.

Аяқтың ісіну себептері

Аяқтың ісіну мәселесіне әсер ететін бірқатар себептер де бар, олардың ішіндегілері:
жарақат немесе қандай да бір сүйектің сынуы не жарылуы;
артық салмақ;
кәрілік;
жүктілік;
көп мөлшерде тұз немесе алкоголь тұтыну;
етеккір
бір қалыпта ұзақ уақыт бойы отыру не тұру;
дәрілер, соның ішінде сусамырға байланысты дәрілер, эстрогендер, жүктіліктен сақтайтын таблеткалар, антидепрессанттар, кальций каналдарының сетероидтары мен блокаторлары;
ілеспелі аурулар: аяқтың ісінуі жүректің, бүйректің ауыруымен немесе бауыр жеткіліксіздігінен де тууы мүмкін;
қанның қоюлануы;
артрит;
ұйқы безі аурулары;
аяқта инфекцияның бар болуы;
тамыр жеткіліксіздігі (аяқтағы тамырдың жүрекке қанды жүргізу ұзылған кездері);
варикоз;
асқа жарымау;
аллергиялық реакция;
іш жүргізетін дәрілерді көп қолдану;
ағзада натрийдің жинақталуы;
лимфалық обструкция.Дәрігерге қай кезде барған дұрыс

Егер сізді тұрақты түрдегі аяқтың ісінуі мазаласа, болмаса дене қызуыңыз көтерілсе, жүкті болсаңыз немесе іскен жерлері қызыл және жылы болса, міндетті түрде дәрігерге көрінген абзал.

Егер сіздің аяғыңыздағы ісік ұзақ аяқта тұрғаннан немесе көп сұйықтық ішкеннен болса, жағдайды жақсартып, ісікті қайтаратын бірнеше тәсілмен танысуға кеңес береміз.

Аяқтың ісінгенін болдырмас үшін оны күніне 3-4 рет, 10 минуттан 15 минутқа дейін жүректің деңгейінен жоғары етіп көтеру керек.
Өкшесі жоқ, дұрыс аяқ киім киіңіз. Өкшесіз аяқ киім қан айналымды қалыпты күйде ұстайды, нәтижесінде күні бойы сізді аяқтың ісінуі мазаламайды.

Тұзды пайдалануды шектеңіз. Әрине, одан толықтай бас тартудың қажеті шамалы, тек қана шектеу ұсынылады. Тұз ағзада тұралап, ісіктің орын алуына түрткі болады.

Бір қалыпта ұзақ отырмаңыз. Егер жұмысыңызда ұзақ отыруға тура келетін болса, бір сағат сайын  аяғыңызды жазып алу үшін 5 минуттық үзіліс жасап тұрыңыз.

Жиі серуендеңіз. Мамандардың айтуы бойынша серуен қан айналымды жақсартады және бұлшықет тінін қатайтады.Аяқтың ісінуін қайтаратын халықтық ем-домдар

Зығыр дәні тұнбасы. Зығыр дәні аяқтың ісінгеніне жақсы көмектесе алады. Ол үшін мынадай тұнба әзірлеген дұрыс: екі ас қасық дәнге бір литр ыстық су құйыңыз. Бұл қоспаны бір қайнатып алыңыз, шамамен 20 минут. Суытып, сүзіңіз. Тұнбаны әр екі сағат сайын жарты стаканнан ішеді. Ем қабылдау ұзақтығы – 14 күн.

Теңіз тұзы қосылған ванна. Аяқтағы ісіктен арылу үшін теңіз тұзы қосылған ванна жақсы көмектеседі. Бұл үшін бөлме температурасындағы 3 литр суды алып, бір ас қасық теңіз тұзын салыңыз. Аяғыңызды ваннаға 15 минутқа салып алыңыз. Аптасына кем дегенде 3 рет жасаған орынды.

Қырыққабаттан жасалған компресс. Аяқтағы ісіктен арылуға мүмкіндік беретін ең ыңғайлы әрі қарапайым ем-дом. Қырыққабаттың бір жапырағын алып, оқтаумен мыжыңыз, қатты жерін алып тастаңыз. Әрі қарай қырыққабатты аяғыңызға қойып, компрессті таңертеңге дейін ұстаңыз.

Дереккөз: lady.tochka.net
15 тамыз 2018 ж. 2 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам