Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАЗҒЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ

ЖАЗҒЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ

   Біздің жазымыз тым қысқа, сондықтан ең қымбат жылы күндерде ауыруға еш уақыт та жоқ. Алайда күннің ыстығына, жаңа піскен жеміс-жидектердің көптігіне қарамастан, жаз айында бізге шабуыл жасайтын аурулардың бар екені де рас... Мүмкін солардың арқасында болар? Сіздер дер кезінде шара қолданып, аурудың алдын алу үшін біз жаз айында көбіне ұшырасатын аурулардың тізімін жасадық.

Бас сақинасы және бас аурулары

Егер сізде бас сақинасы бұған дейін жиі байқалатын болса, жаз айында да одан қашып құтылмасыңыз белгілі. Ыстық күндері ағза біраз су жоғалтады, нәтижесінде бас сақинасының өршуіне әкеп соқтырады. Мұның алдын алу үшін ағзаңыздағы су деңгейін реттеп отырыңыз, күніне 8 стаканнан кем емес су ішуге тырысыңыз. Және де міндетті түрде бас киім киіп жүрген абзал.

ТЕРШЕҢДІК

Ыстықтан және ылғалдың болуынан теріде ұсақ қызыл бөртпелер пайда болатыны белгілі. Сондай-ақ ол ыстық күндері тері қабаттарының бітеліп қалуынан да пайда болуы мүмкін. Сондықтан да күн жылыда ванна немесе себезгі пайдалануды ұмытпаған жөн. Егерде бөртпелер пайда бола қалса, балалар ұнтағын немесе жүгері ұнын сеуіп қойыңыз. Екі аптаның ішінде негізгі белгілер жойылмаса, дәрігерге көрінуге кеңес беріледі.

КОНЪЮНКТИВИТ

Конъюнктивит – көздің жұқа қабықшасының немесе ішкі бөлігінің асқынуы. Бұл көбіне бактериалды инфекция, аллергия кезінде туындайды немесе жаз кезіндегі құм, топырақ, шаң-тозаң өз дегенін жасайды. Алдын алу өте қарапайым: қолды жиі жуу керек, көзді кір қолмен не сүлгімен ұстамау керек, шама келгенше макияж құралдарын пайдаланбау қажет (әсіресе ыстық күндері), көбіне линза немесе көзілдірік киіп жүрген дұрыс. Егер асқыну пайда болса, дәрігерге қаралу керек. Егер белгілі бір себептермен бұл мүмкін болмай тұрса, жағдайды түймедақ тұнбасынан жасалған компресс сәл де болсын жеңілдететіні айқын.

ФАРИНГИТ және тамақтың ауыруы

Жаз айларында тамақ аурулары басқа мезгілдерге қарағанда екі есе көп ұшырасатыны белгілі. Өйткені біріншіден ыстық күндері суық балмұздақты жеп қою не суық су ішін қоюыңыз әбден мүмкін. Екіншіден ыстық күндері бактериялар белсенді түрде көбейетіні де рас. Ал, үшіншіден суға түсетін орындар арқылы да бұл инфекцияны жұқтыру қаупі басым болып келеді. Егер негізгі белгілерін байқасаңыз, дәрігерге көрініп, күтіну керек. Ал фарингитпен сіздің бір туысыңыз ауырған болса, бірнеше күн бойы антибактериалды тұнбалар арқылы тамағыңызды шайып жүруді ұмытпаңыз.

сыртқы ОТИТ

Тағы да жаз айларында кең таралған аурулардың бірі сыртқы отит немесе құлақтың қабынуы. Бұл ауру көбіне суға шомылу уақыты ашылған сәтте жиі байқалады. Өйткені отиттің басты себебі – суық суда көп уақыт бойы жүру. Оның алдын алу үшін суға шомылып болғаннан кейін мақтамен құлақты шұқып алыңыз және жүзгеннен кейін құлаққа 50% спирт пен 50% сірке қышқылын араластырып, 2 тамшыдан тамызыңыз. Бұл құлақты тез құрғатып, инфекцияның өршуіне жол бермейді.

Дереккөз: www.goodhouse.ru
15 тамыз 2018 ж. 1 557 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам