ПАВЕЛ ГЛОБАНЫҢ 2018 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА АРНАЛҒАН ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛЫ
2018 жылдың қыркүйегіне арналған жұлдызнама белгілері үшін белгілі астролог Павел Глобаның жұлдыз жорамалы: сәттілік кезіктіру үшін мүмкіншілікті кімдер жіберіп алмауы тиіс
Демалыс аяқталып, барлығымыз да жаңа күшпен жұмысқа кірісуге дайынбыз, күз айының басында көптеген адам ауқымды және ұзақмерзімді жобаларды бастауға ұмытылып, сонымен қатар өздерінің тұрмысы мен өміріне айтарлықтай өзгерістер енгізгісі келетіні белгілі.
ТМД кеңістігіндегі ең беделді астролог Павел Глобаның 2018 жылдың қыркүйек айына арналған жұлдыз жорамалы тағдырдың сізге тартар сыйын алдын ала біліп, қате әрі жүрдім-бардым шешім қабылдаудан жалтаруға мүмкіндік береді.
Жұлдызнама белгісі бойынша айға арналған болжам кімдердің жаңа келешек пен мүмкіншіліктерге қарсы батыл қадам басуға болатындығына, ал кімдерге «аттың басын тартып», сақтықты сақтау қажеттігіне кеңес береді.
Павел Глобаның 2018 жылдың қыркүйек айына арналған жұлдыз жорамалы
Шаян
Шаяндар үшін 2018 жылдың қыркүйегі жылдың ең қолайлы кезеңі болмақ емес.
Күз айының басында шаяндардың үлкен сенім артып отырған жоспарлары мен жобалары күл-талқан болуы, ал жұмысындағы жағдай барынша тұрақсыз болуы мүмкін.
Тағдырдың мұндай жағымсыз тосын сыйларын сынақ ретінде қабылдап, туындаған мәселелердің лайықты шешімін табу үшін бар күш-жігерді жұмсау қажет.
Бұған қоса, қиын-қыстау кезеңде көмек қолын қуана созуға дайын жақсы достың немесе туған-туыстың көмегімен проблемаларды шешудің ықтималдылығы жоғары.
Таразы
Таразылар үшін қыркүйекте тағдыр өткен кезеңмен бір кездесу ұйымдастырмақ – айдың бір күні бұрыңғы көз таныс махаббатыңызбен бір жиында кездесіп қалуыңыз, сезімге ерік беруіңіз мүмкін.
Алайда астрологтың ескертуі бойынша, қайта оянған сезімнің жетегінде кетсеңіз, жақын адамдарыңызбен қарым-қатынаста бұрыңғы тұрақтылығыңызды жоғалтып, өміріңізді астан кестен етуіңіз де ғажап емес.
Айдың басында таразыларды тағдыр ту сыртынан бақылайды, сондықтан өз таңдауын ақыл ойға, жүрек қалауына жүгініп, шешім қабылдағандары орынды. Егер олар дұрыс таңдау жасаса, алдағы өмірін бақытты ете алады.
Сарышаян
Сарышаян жұлдызнамасының аясында дүниеге келген адамдарға күздің басында жұлдыз табыстың жаңа көзіне жіберіп, бұл оның тұрақты кірісіне айналуы мүмкін.
Дегенмен, оларға ақша өздігінен қолға келіп түседі деп үміт артудың қажеті жоқ. Оларда біршама күш-жігер жұмсап, ақша табуына жақсы мүмкіндіктер пайда болады.
Павел Глоба осы кезеңде сарышаяндарға адамдарға барынша мұқият болуға және ескі достарын естен шығармауға кеңес береді.
Егер олар достары мен отбасын қаперден шығарып, жұмысқа уақытын тым көп бөлетін болса, онда дәл қажет кезінде жақындарының қолдауынсыз қалуы мүмкін.
Мерген
Павел Глоба мергендерді осы айда созылмалы аурулардың асқынып, ас қорыту жолында проблемалардың пайда болуы мүмкін екендігін ескертеді.
Сондықтан оларға дұрыс тамақтану барынша маңызды, бастапқы жағымсыз белгілері білінген кезде бірден дәрігердің көмегіне жүгіну және күйзелістер мен басы артық жүктемеден жалтару қажет.
Ал мергендер үшін мүмкін болған жағдайда қыркүйек айында денсаулығын түзету үшін шипажайға барған өте орынды.
Тауешкі
Тауешкілерде күздің басында бәрі де қолында «жанып» тұрады. Қандай нәрсемен айналыспасын, қолына келген істің бәрі де тез бітіп, нәтижелері де тез орындалады.
Сондықтан да тауешкілерде 2018 жылға қандай іс жоспарланған, сол істі осы айда істегендері дұрыс.
Туысқандар, әріптестер, достар бұл мерзімде тауешкілерге бүйрегі бұрып тұрады және олардың кез келген істе қолынан келген көмектен аянып қалмасы анық.
Алайда ақ жолақ үнемі бола бермейді, айдың соңында тауешкілер энергияларының сарқылуын сезеді және оларды еңбектерінің нәтижесін көріп, демалу ойы жиі мазалайтын болады.
Суқұйғыш
Күздің басы суқұйғыштар үшін отбасылық және романтикалық қарым-қатынастардың нағыз жаңа кезеңінің басталуы іспеттес.
Сүйікті адаммен арадағы жалықтыратын қарым-қатынас пен түсінбестік келмеске кетіп, махаббаттың тәтті кезеңдері басталады.
Бірақ астролог суқұйғыштарға өз жұбына қадам жасап, жақсы қарым-қатынастарды сол қалпы сақтап қалуға тырыспаса, бәрі де бәз баяғы қалпына оралатынын ескертеді.
Сондықтан да олар мүмкіндікті толықтай пайдаланып, екеуара махаббатты бекітіп, бір-біріне сенім артуы тиіс, сол кезде энергия қоры айдың соңында да әлсіремейді.
Балықтар
Павел Глоба балықтарға зиян әдеттердің бәрін де жазға тастап, күзде жаңа өмір бастауға кеңес береді. Зиян әдетқылықтардан арылу.
Жаңа қызықты іспен шұғылдану және жаңа таныс достар тауып, араласу балықтардың көңіл күйіне жақсы әсер ететіні анық.
Және де олар тағдырдың сыйлаған мүмкіндіктерін пайдаланса, өз өмірін жақсы арнаға бұра алады.
2018 жылдың қыркүйегіне арналған Павел Глобаның жұлдыз жорамалы көптеген жұлдызнама белгілерінің үмітін жағып, тағдырдың сыйын тарту етеді. Тек жұлдыздар адамға мүмкіндік пен үміт беретінін естен шығармаған дұрыс, ал оларды қалай пайдаланасыз – бұл адамның өз еркінде.
Тоқты
Күздің басында тоқтыларды жазғы демалыстан кейін жиналып қалған тұрмыстық жұмыстар мен жұмыстағы шұғыл арада шешімді қажет ететін міндеттердың көптігі «қуантады». Бұл істердің барлығы да тым маңызды әрі қиын емес болғанымен, олар көп назар аударғанды талап етеді.
Егер тоқтыларға жағдай өздігінен шешімін табуы қажет болса, онда олар істің жағдайын одан әрі күрделендіру тәуекеліне тап болып, соның салдарынан үйде жанжал, ал жұмыста беделін жоғалтуы ықтимал.
Сондықтан астролог тоқтыларға қыркүйек айында өзін қолға алып, жоспарларын ой елегінен өткізіп, тыңғылықты және асып-саспастан іске кірісуге кеңес береді. Және де мұндай жағдайда жаз бойы жиналып қалған барлық мәселе айдың соңына дейін табысты шешімін табатын болады.
Арыстан
Арыстандар үшін күздің басында өзінің қабілетін көрсетіп, басшылыққа жағып, қыркүйек айының аяғында көптен күткен мансабы жоғарылайды.
Алайда астролог арыстандардың мансабының өсуі жұмыстастарымен ара қатынасының нашарлауына әкеп соғатынын хабарлайды.
Сондықтан да арыстандарға бірінші кезекте бәрін бүге-шігесіне дейін ойланып, мұндай бағамен келген жоғарылаудың қажеті бар ма, соны шешкені абзал.
Бикеш
2018 жылдың қыркүйегіне арналған Павел Глобаның нақты жұлдыз жорамалы бикештерді айдың бастапқы күндері өмірде орын алған жағдайларға байланысты күдік туатындығын ескертеді.
Бұрыннан бар нәрсе енді бикештерді қызықтырмайды, олар жаңа нәрсені танып-білсем дейді.
Және де бикештер шығармашылықпен айналысса немесе өнермен байланысты жаңа мамандық иесі болғысы кеп қадам жасаса, Жұлдыздар қолдап, көмектесетіні анық.
Торпақ
Торпақ белгісінде туған адамдарға Павел Глоба күздің басында өз денсаулығына көңіл бөлу керектігін ескертеді. Денсаулыққа немқұрайлылықпен қарау салдарынан және жаз киімдерін әлі де шкафқа жинамаудан, жылы киінбеуден торпақтарға суық тиіп, ауырып қалу қаупі төніп тұр.
Сондықтан бұл мерзімде оларға өз рациондарын қадағалап, оның құрамына жемістер мен көкөністерді көп қосып, ұйқы режімін қадағалауға кеңес беріледі.
Торпақтардың жұмысында және жеке өмірінде бәрі де тыныш қалпында болады. Олар үшін ең бастысы – туындаған сауалдарды өз уақытында шешіп, жақын адамдарының ойына жүгіну.
Егіздер
Егіздер үшін астрологтың ескертуінше, тағдыр ерекше тосын сый даярлап үлгерді, бұл – болашақта оның өмірінде маңызды рөл атқаратын адаммен жүздесу.
Жалғыз бастылар үшін екінші жартысын кезіктіруі әбден мүмкін, ал отбасы бар адамдар болашақ досын не іскер әріптесін кездестіруі әбден ықтимал.
Сондай-ақ астролог егіздерді жаңа танысқан адамдарға сенім артудан бұрын алдымен оны танып білуге, одан кейін ғана шешім қабылдап, оның ұсынысын қабылдау керектігіне кеңес береді.
Дереккөз:moimozg.ru