Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулықты сақтау республикалық орталығы (ДСДРО) 2017 жылдың қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ДСДРО 2017 жыл бойынша Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық көмек көрсететін республикалық, облыстық және қалалық деңгейлердегі медициналық ұйымдарды рейтингтік бағалау қорытындысын шығарды.
«Менеджмент көрсеткіштері бойынша сараланған 17 ғылыми-зерттеу институттарының, ұлттық орталықтардың 3-уі, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 168 медициналық ұйымның 5-уі ең жоғары 5 жұлдыз алды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ересектерге арналған 170 қалалық стационар, ересектерге арналған 32 облыстық стационар, балаларға арналған 13 облыстық стационар және балаларға арналған 15 қалалық стационар, сондай-ақ 25 қалалық және 17 облыстық маңызы бар перзентханалар мен перинаталды орталықтар арасында бірде-бір ұйым ең жоғарғы рейтинг алған жоқ.
«Клиникалық көрсеткіштер бойынша жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша ең жоғарғы көрсеткіштері бар санатқа – 5 жұлдыз – 97 қалалық ересектер стационары, 9 облыстық ересектер стационары, 3 – облыстық балалар стационары, 2 – ҒЗИ/ҰО кірді. МСАК ұйымдарының ішінде 8 медициналық ұйым ең үлкен нәтижеге қол жеткізді», – делінген хабарламада.
Қалалық маңызы бар 25 перзентхана мен перинаталды орталықтардың ішінде клиникалық көрсеткіштер бойынша 6 ұйымға 5 жұлдыз берілді. Олар: Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының Қалалық перинаталдық орталығы, Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының Жаңаөзен қалалық перзентханасы, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Қалалық перинаталдық орталығы, Аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталық, Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының Арқалық перзентханасы, ҚР ДСМ Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы.
Сондай-ақ, клиникалық қызметі бойынша 5 жұлдызға 17 облыстық перинаталды орталықтың 6-уы қол жеткізді: Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Перинаталдық орталық, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық перинаталдық орталығы, Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық перинаталдық орталығы, Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының Қостанай перинаталдық орталығы, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының Атырау облыстық перинаталдық орталығы, Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық перинаталдық орталығы.
Қазіргі уақытта Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Халықтық бақылау» мобильдік қосымшасын іске қосты, онда әрбір пациенттің ТМККК шеңберінде көрсеткен қызметі үшін медициналық ұйымға өз бағасын қоюға мүмкіндігі бар. Осылайша, объективті көрсеткіштер негізінде жасалатын ДСДРО-ның жыл сайынғы рейтингіне қосымша «Халықтық бақылау» мобильдік қосымшасы жыл бойы пациенттермен кері байланыс жасау үшін жылдам әдісі болып табылады.
Рейтингтік бағалау нәтижелерімен ДСДРО сайтында толығырақ танысуға болады. Рейтингті есептеу үшін индикаторлар ретінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы саласындағы 50 жуық ең маңызды көрсеткіш іріктеліп алынды.
30 шілде 2018 ж. 1 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам