ЖҮГІРУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ?
Мамандардардың айтуынша, жүгіру – дене жаттығуларының барынша оңай және тиімді түрі. Әсіресе, күздің басы жаңа пайдалы әдеттерді иелену үшін жақсы кезең. Айталық, күздің таңғы мезгілінде жүгіру немесе таза ауада серуендеу күні бойына сергектік сезімін сыйлайды.
Сондай-ақ, мұндай физикалық жаттығулардың денсаулыққа пайдасы зор екені белгілі. Күнделікті жүгіруді әдетке айналдырғандар жұмысқа деген қабілеттері артып өзгелерден тындырымды жұмыс атқарады. Бойларындағы артық салмақтан арылып, икемділігімен көзге түседі. Жүгірумен жүйелі түрде және ұзақ уақыт бойына шұғылдану қуатты үйлесімді дәрежеде жұмсауды реттеп қана қоймайды, сонымен бірге ағзаның жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерін нығайтуға мумкіндік береді.
Бастысы ниеттеніп, жүгіруге қалауыңыз болуы керек. Оған қоса күздік таза ауада жүгіру адам ағзасының иммунитетін берік, дене бұлшық еттерін шымыр қылады. Аяқ, пресс, қол мен мойын, тіпті арқа жаттығып, ауырмайтын болады. Кардио жаттығу болып табылатын жүгіру арықтауға көмектесіп, ағзаның төзімділігін арттырады. Сонымен қатар, ол – стресстен арылтады.
Тілші түйіні: Егер кеңесіміз ұнаса, жүгіріңіз!
Дайындаған: Ақтолқын СЕЙІТЖАППАР.