ЖАЯУ ЖҮРУДІҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ПАЙДАСЫ
Жаяу жүру - адам ағзасының физикалық жағдайын жақсартатын тиімді құрал. Алайда қазір ауа райының салқындығын сылтау етіп жүгіру мен жүруге ерінетініміз рас.
Күн жылығанын күтіп жүргенімізбен денсаулық сізді күтпейді, керісінше сіз оны күтуіңіз керек. Сол себепті сіздерге жүрудің денсаулыққа пайдасы жөнінде аз-кем мағлұмат беруді жөн көрдік.
Жүрудің қандай түрлері емдік дене шынықтыруда қолданылады?
* Миокард инфарктінен сауығушы немесе айқын стенокардия және басқа қауіпті аурулардан зардап шегетіндерге минутына 70 қадамға дейін (2,5-3 сағ/км) өте баяу жүру ұсынылады.
* Жүрек-қантамыр дерті бар тұлғаларға минутына 71-90 қадамға дейін (3-4 сағ/км) баяу жүру ұсынылады.
* Аз қозғалатын тұлғаларға минутына 91-110 қадамға дейін (4-5 сағ/км) ақырын жүру ұсынылады.
* Физикалық тұрғыдан дайындалған адамдарға минутына 110-130 қадамға дейін (5,6-6,4 сағ/км) тез жүру ұсынылады.
* Физикалық дайындығы жоғары адамдарға минутына 130 қадамнан артық (6,5 сағ/км көп) өте тез жүру ұсынылады.
Жүрудің денсаулыққа пайдасы:
1. Зат алмасу үдерісінің белсенділігін арттырады.
2. Дене салмағы төмендейді.
3. Артериялық қан қысымы қалпына келеді.
4. Жүрек-қантамыр ауруларының қаупі төмендейді.
5. Бұлшықеттің, оның ішінде жүрек пен тыныс алу жүйесінің жағдайы жақсарады.
6. Қимыл-тірек аппараты мен функционалдық денсаулық жағдайы жақсарады.
https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/49236/