ҚАТТЫ ҒАШЫҚ БОЛУДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНДЫҒЫ АНЫҚТАЛДЫ
Қатты ғашық болудың адам ағзасына зиян келтіретіндігі ғылыми түрде анықталды. Оны нақты зерттеу нәтижесімен АҚШ-тың Райс университетінің ғалымдары мәлім етті. ERNUR.KZ
Қатты ғашық болудың адам ағзасына зиян келтіретіндігі ғылыми түрде анықталды. Оны нақты зерттеу нәтижесімен АҚШ-тың Райс университетінің ғалымдары мәлім етті, деп жазады lenta.ru. Құлай ғашық болған адамын жоғалтқан жанның алғашқы үш айда жүректің тоқтап қалуы салдарынан өлім құшу тәуекелі өте жоғары болатын көрінеді. Зерттеуге 51-80 жас арасындағы 65 адам қатысқан. Оларды екі топқа - 32 адам күйеуі немесе әйелі қайтыс болғандар, қалған 35-і бақылау тобына салыстыру үшін алынғандар болып бөлінген. Зерттеуге қатысқандардың бәрінің де жасы мен жынысы, салмағы және денсаулық жағдайы да есепке алынған. Нәтиже көрсеткендей, қатысқандардың бірінші тобының қандарында TNF-альфа (7 пайыз) және IL-6 (5 пайыз) цитокиндерін қоса алғанда, қабыну үдерісін тудыратын жалғасулардың жоғары көрсеткіші анықталған. Мұнан бөлек, олардың жүрек жетімсіздігіне апарып соқтыратын жүрек соғысының қалыптылық нұсқалығы 47 пайызға төмендеп кеткен. Яғни, өлімге душар ету тәуекелділігі 41 пайызға артқан. Анықтама үшін: цитокиндер - жасушалар арасында дабыл беретін ақуыздар. Олар иммундық жасушаларда (лимфоциттер, басты жағдайда) пайда болып, қабынуды басатын және белсендіруді қоса алғанда бірнеше қызметтерді қоса атқарады.