Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚТЫҢ ЕЖЕЛГІ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ

ҚАЗАҚТЫҢ ЕЖЕЛГІ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ

  Қазақ өзінің салт-дәстүрін берік ұстанған халық. Біздің ұлттық дәстүрлерімізде қазақтың бет-бейнесі, таным-түсінігі, жалпы жаратылысы жатқандығы белгілі. Ата-бабамыз «жел бесіктен жер бесікке дейін» әрбір атаулы күнді тіршілігінен тыс қалдырмай, ат беріп, айдар тағып, ерекше дәстүрмен айшықтап қараған. Сондықтан болса керек, қазақ "Дәстүрің – дәулетің" деп бағалаған. Бүгінде қолданыста жоқ дәстүріміз жетерлік. Солардың бірнешеуін тізуді жөн санадық.

1. Айтұяқ
Көп салт-дәстүрдің бірі. Біреу қатты жараланса, өміріне қауіп төнсе немесе қиын жағдайға душар болса әдетте қазақ "ақсарбас" айтады. Ондайда малын сойып, құдайы тамақ береді. Бұрын қауіп-қатері ауыр жолға, мәселен, Отан қорғауға, қажылық сапарға, ауыр сырқаттан емделуге аттанатын болса, "айтұяқ" атап, жылқы соятын болған. Ел-жұртқа күні бұрын хабарлаған, жиналған жұрттың батасын алған. Жаугершілік замандарда "айтұяқ" жиі берілген. Ежелгі аңыз-әңгімелерде, ертегілерде, батырлар жырында кездесетін бұл сөз сирек айтылады. Оның орнына "жолаяқ" басым.

2. Ақшомшы
Кәсіптік айырбас. XVIII-XIX ғасырларда бел алып, кәдуілгі дәстүрге айналып кеткен. Тек мал шаруашылығымен айналысатын өңірдегілер диқаншылық ететін өңірдегілерге (Нұра, Шу, Талас, Сырдария) мал айдап барып, оған қап-қап астық алып, шом салған (жазының бір түрі) түйелерге артып қайтатын болған. Дәстүрдің "ақшомшы" атануы да сондықтан.

3. Алапа
Ел тыныштығын күзеткен не ел қорғаған сарбаздарға берілетін азық-түлік. Бірақ ол халық ішінен жиналатын несібе. Алапа ел, жұрт аузында жиі айтылған әрі бірнеше мағынада қолданылған. Жаудан түскен олжа, еңбек жолымен табылған табыс та, алым түрлері де солай айтыла береді. Кей жерлерде жол-жора, берілетін сый-сияпат, кәде түрлері де "алапат" деп аталады.

4. Ақ үй аманат
Тарихымызда "ақ үй аманат берген екен" деегн сөз бар. Жаугершілік замандарда ек іжақ мәмілеге келіп, бітімгершілікпен аяқталғанда, осы салт біткен істің айғағы ретінде жүрген. Мұндайда кінәлі жақ жеңілгендігін мойындап, бар сән-салтанатымен, дүние-жиһазымен ақ үй аманат әкеліп тапсырған. Ол тек жеңілгендік айғағы емес, жеңген елді мойындаудың, ендігі татулықтың кепілі саналған. Оны бұзу – үлкен кінә.




15 қараша 2017 ж. 3 720 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам