Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қаныңыз аз болса, анармен емделуге болады...

Қаныңыз аз болса, анармен емделуге болады...


Анардың пайдалы, емдік қасиеттерін білесіз бе?

Гемоглобинді көбейтеді. Анардың басты, әрі біз үшін маңызды қасиеті ­– анемиямен күресуі. Қаныңыз аз болса екі ай бойына тамақтанудың алдында жарты стақан анар шырынын күніне үш рет ішуіңіз керек.
Қысымды төмендетеді. Анардың сүйектері артериалық қысымды азайтады екен.
Гормондардың белсенділігін арттырады. Анардың сүйектерінің құрамындағы май ағзамыздың гормондық балансын қалпына келтіреді. Сондықтан, сүйектерін түкіріп тастамай, жеп қойғаныңыз дұрыс. Әсіресе, басы ауруымен, климакспен және тек әйелдерге тән аурулармен күрескенде осы анардың сүйектерінің әсері мол.
Тамақ пен ауыз қуысын тазалайды. Анардың қабығынан жасалған сусынды немесе анар шырынын ангина, фарингит, гингивит пен стоматит кезінде тамақты шаю үшін қолдануға болады.
Инсулиннің орнын басады. Диабет аурына шалдыққан адамдар үшін тамақтану алдында күніне 4 мезгіл анар шырынының 60 тамшысын ішу керек екен. Үшінші күні-ақ қаныңыздың құрамындағы қанттың азайғанын байқауға болады.
Сәуле таралуын (радиация) шығарады. Сәуле таралатын аймақта тұратын немесе сәулелі изотоптармен жұмыс істейтін адамдар үшін ең пайдалысы ­– анар шырыны.
Теріңізді емдейді. Егер теріңіз майлы, безеулі болса, анардың қабығын сәл қуырып, ұнтақтап, оған сары немесе зәйтүн майын қосып, маска жасаңыз. Бұл масканы тоңазытқышта сақтап, аптасына екі рет қолдану керек. Кептірілген анар қабығының ұнтағымен күйген, тырналған теріні емдеуге болады.
Қабынуды емдейді. Әртүрлі қабынған ауруларды (бүйрек, бауыр, көз, құлақ, буындар) анар қабығының қайнатпасы емдейді. Оны былай дайындайсыз: ұнтақталған қабықтан екі шай қасықты бір стақан ыстық суға құйып, жарты сағат қайнатыңыз, оны сүзіп, сығып, қайнаған сумен араластыру керек. Тамақтануға жарты сағат қалғанда күніне 2-3 рет 50 грамнан қабылдау керек.
Есте сақтаңыз!
Анардың қабында алкалоид атты улы заттар бар. Аталған қайнатпалардың мөлшерін көбейтпеңіз. Көбейген жағдайда қысымыңыз көтеріліп, басыңыз айналып, көзіңіз көрмей қалуы мүмкін. Сонымен қатар, анар шырынының органикалық қышқылы тістің эмалін бұзуы мүмкін. Сол себепті, оны үнемі сумен араластырып отырғаныңыз жөн.
16 қыркүйек 2019 ж. 1 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам