Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада біреудің ауласындағы тұрған көлікті ұрлаған адам қолға түсті

Қызылордада біреудің ауласындағы тұрған көлікті ұрлаған адам қолға түсті

   Қызылордада біреудің ауласында тұрған шетелдік көлікті ұрлап кеткен адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш оқиға Қызылорда қаласында орын алған. Жергілікті тұрғын өзінің ауласынан шетелдік көлігі қолды болғаны жөнінде полицияға арызданған еді. Түн ішінде белгісіз біреу көлікті айдап алып кеткен.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көп ұзамай көлік құралын заңсыз иемдену қылмысын ашты. Күдікті ретінде Қазалы ауданының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұрын сотты болған.
«Орын алған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
02 қазан 2019 ж. 1 068 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам