Қазалыда 39 жасар ер адамды жастар себепсіз ұрған

Бұл оқиға кешкісін болған. Бір топ бұзақы көлікпен келе жатқан 39 жастағы азаматты тоқтатып, оны ұрып-соғып кеткен. Көлік терезесін сындырған. Тәртіп сақшылары жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде аталған дерек бойынша 7 күдікті анықталды. Олар 21-27 жас аралығында. «Қазіргі таңда сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бұзақылық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігімен (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.