Халықаралық қарттар күніне орай қала әкімі ардагерлермен кездесті
Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 1 қазан -Халықаралық қарттар күніне орай ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, ерік-жігерін, жалынды жастығын ұрпағының жарқын болашағы үшін сарп еткен, ақ шашты абзал аналар мен руханият болмысымыздың төл қазынасы ардақты асыл ағалармен кездесті.
Зейнет жасында болсада қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, үлкендік болмыстарымен, жас ұрпақтың бағыт-бағдарына кеңес беріп қоғамның дұрыс дамуына зор үлес қосып жүрген ардагерлерімізді шаһар басшысы "Құрметті азаматы" атағымен және алғыс хаттармен марапаттады.
Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы: "Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ардагерлерге әлеуметтік қолдаулар көрсетілуде. Бұл жұмыстар тек мереке күндері ғана емес, үнемі жүргізіле бермек.
Жыл басынан бері мың жарымға жуық ардагерлерімізге бірқатар демалыс, оңалту орталықтарына жолдама берілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тиісті жалғасын табатын болады",- деді өз құттықтауында.
Алдағы уақытта да, жанашыр қолдаушыларымыз, тілекшіміз болып, ақ баталарымен жігер беріп ортамызда жүре берсін.