Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БИЗНЕС ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫ

БИЗНЕС ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫ

  Облыста «Bаikonur Start-up» бизнес идеялар байқауы жарияланды. Оған өңірдің 18-29 жас аралығындағы барлық азаматтарының қатысуға мүмкіндігі бар. Аталмыш байқау инновациялық қызметпен, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті әлеуметтік жауапты жастарды ынталандыру, бизнес идеяларын жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатын көздеп отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхамед Болатбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, байқау биыл алғаш рет қолға алынып отыр.– Кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыру үшін жаңа жобаларды тарту, іске асыру мен инвестициялау арқылы жастар кәсіпкерлігін дамытуға жағдай жасау аясында ұйымдастырып отырмыз. Оның міндетіне өңірдегі ең белсенді әрі перспективалы жастарды айқындау, қызықты әрі тиімді жобаларды жасау шаралары кіреді. Ол үшін қатысушылар өз жұмыстарын презентация күйінде басқарманың электронды мекен жайына жолдайды. Байқау ережелері туралы барлық қажетті мәлімет облыс әкімдігінің ресми сайтына жүктелді. Онда қатысушылар өтінімге өз қосымшаларын тіркей алады, – дейді басқарма басшысының орынбасары.Ұйымдастырушылар өтінімдер желтоқсан айының 10-ына дейін қабылданатындығын хабарлайды. Ал, жеңімпаздарға ақшалай сыйлық тағайындалған.

Бағлан ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ.
27 қараша 2017 ж. 1 906 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам