Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аралда «Sulpak» гипермаркеті ашылды

Аралда «Sulpak» гипермаркеті ашылды

    Аралдықтар үшін жағымды жаңалық. Себебі, аудан орталығынан еліміздегі ең ірі сауда маркасының бірі «SULPAK» гипермаркетиі ашылды. Арал қаласында орналасқан сауда нүктесінің тұсаукесеріне аудан жұрты көптеп жиналды.
Нарықта 25 жыл бойы көш бастап келе жатқан танымал электроника және тұрмыстық техника сататын «SULPAK» гипермаркетігінің ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, көпшілікті жаңа сауда орталығының ашылуымен құттықтай келе «Sulpak» гипермаркетін аудан орталығынан ашуға, жерлестері үшін беделді дүкеннің тауарларын тұтынуға, жалпы ірі жобаны жүзеге асыруға ат салысқан жергілікті кәсіпкер Жұбаныш Аманжоловқа ризашылығын білдіріп, кәсібіне береке тіледі. Сонымен қатар, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ауданның құрметті азаматы, ардагер-журналист Ш.Дәрмағамбетов те игі бастамаға ізгі лебізін жолдады.
Одан әрі шара барысында «Sulpak» компаниясының Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша директоры Юрий Голотюк те сөз алып, аралдықтарды Қазақстан бойынша ашылған 122 дүкеннің ашылуымен құттықтай келе бүгіннен бастап 4 күн бойы арнайы жеңілдіктер болатынынын жеткізді.
Атап өту қажет, жалпы алаңы 1200 шаршы метр болатын гипермаркет Қызылорда облысы бойынша ең үлкені саналады. Мәжіліс залы, қауіпсіздік бөлмесі, қойма, асхана орналасқан ғимаратта «Хоумкредит», «Каспий», «Еуразиялық» банк өкілдері қызмет көрсететін болады. Келушілерге барлық талаптарға сай жағдай жасалған.
Ең маңыздысы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды басты мақсат тұтқан бұл нысан 30 аудан тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтығалы отыр. Қызметкерлерге төленетін төменгі айлық жалақы мөлшері 90 мың теңге болып белгіленген.

11 қазан 2019 ж. 789 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам