АРАЛДА АУДАННЫҢ БАС ШЫРШАСЫ ЖАҒЫЛДЫ
Аудан орталығындағы алаңда салтанатты түрде шырша шамдарын жағу мерекесіне аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, алаңда жиналған жұртшылықты келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, аудан төңірегіндегі жағымды жаңалықтар легін, жыл бойы атқарылған жұмыстар тізбегін қысқаша баяндап өтіп, жиналған қауымға жылы лебізін жолдады.
Мұнан соң, аудан басшысы мен №260 мектептің оқушысы Нұрсұлтан Жақсыгелдиев бас шыршаның шамын жақты.
Мерекелік шарада бас қосқан қала тұрғындары мен қонақтары жаңа жыл түнін қарсы алуға жиналғандай көңіл күймен, арнайы жаңа жылдық киімдер де киіп келген. Олар мерекенің сәні болған Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алып, өнерпаздардың өнерін тамашалап, би билеп, меркекелік көңіл күйде тарасты.