Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық жас жыраулар Бакуде жүлделі болды

Қызылордалық жас жыраулар Бакуде жүлделі болды

     Бакуде өткен дəстүрлі орындаушылардың халықаралық фестивалінда қазақстандықтар жүлделі болды.
Халықаралық фестиваль 7-9 қазан күндері өткізілді. Оған дүниежүзінің 9 елінен 15 өнерпаз келді. Көпшілік алдында шыққан дүлділдер қазақстандық Шұғыла Мархаба мен Арай Оңғарқызы болды. Қос өнерпаз Қармақшы ауданындағы Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде тәлім алған. Халықаралық фестивальде Шұғыла Мархаба үшінші орын алса, Арай Оңғарқызы арнайы дипломмен марапатталды. Жас өнерпаздарды аталмыш шараға Зәуре Кәрібаева мен Дінислам Тоқсанбаев дайындап алып барды. Қармақшы ауданында Жыраулар үйі жас ұрпақты ұлттық өнерге баулу бағытында игілікті істерді жүзеге асырып отыр. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша аталмыш өнер ордасында өнегелі істер лайықты жалғасын тауып келеді.
11 қазан 2019 ж. 1 028 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 037 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам