Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰРПАҚТАРЫ БАБА РУХЫН ҰЛЫҚТАДЫ

ҰРПАҚТАРЫ БАБА РУХЫН ҰЛЫҚТАДЫ

 2017 жылдың 26 қарашасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Таң ауылдық округінде Ұлы Отан соғысының ардагері Əубəкір Есжанұлының 100 жылдығы жəне "Батыр ана" Ұлықызы Алтынның 90 жылдығына арналған облыстық жыраулар фестивалі өтті. Фестивальді аудан əкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов жəне аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Алиев ашып, республикаға белгілі айтыскер ақын А.Рахметов жыр арнады. Фестивальде есімдері дүйім жұртқа танымал жыраулар, атап айтқанда А.Тəңірбергенов, М.Сүгірбай, К.Түрікпен, Д.Ахметов, Н.Нұрбаевтар қатысып, көпшілік қауымның ыстық ықыласына бөленді. Шара соңында С.Ыдырысов пен А.Рахметов ел назарына ұстаз бен шəкірттің айтысын ұсынды. Тыңдарман қауымды ән-жырмен сусындатқан термеші жыраулар фестиваль соңында арнайы Дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Артынша көптің күткен ат жарысы басталды. Сайын даланы дүбірлеткен жүйріктер еліміздің түкпір-түкпірінен келген. Арғымақтар Аламан бәйге, Құнан бәйге, Тай жарыстарында мәре сызығын бірінші кесіп, бірінен соң бірі иелерін сый-сыяпатқа кенелтті.
Баба рухына арналып, құран бағышталды, үлкен ас берілді. Асқа келіп, алақан жайғандар қазақтың ынтымақ-бірлігі ыдырамауын тілесті.
27 қараша 2017 ж. 1 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 074 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам