Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «АҚ ДОМБЫРА ҚОЛҒА АЛЫП»

«АҚ ДОМБЫРА ҚОЛҒА АЛЫП»

   Жосалы кентіндегі «Жыраулар үйі» алаңында 1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай «Ақ добыра қолға алып» атты мерекелік шара жоғары деңгейде аталып өтті. Шараның мақсаты – қасиетті қармақшы өңіріндегі жыраулық дәстүрді насихаттау, күмбірлеген күй төгілген қазақ халқының музыкалық аспабы домбыраның құдіретін келешек ұрпақ санасында жағырту болып табылады.
Шара барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Е. Меңлібаев жиналған аудан тұрғындарын «Ұлттық домбыра» күніне орай мерекелік жылы лебізін арнап, жыраулық дәстүрдің алтын жібін жалғаған өнер саласы майталмандары мен жастарға шығармашылық табыс тілеп ыстық ықыласын жеткізді.
Сонымен бірге шараны жырау С. Жақсығұлов жүргізіп, бабадан қалған ұлы өнерді көздің қарашығындай сақтап келе жатырған өнерпаздар шеруімен таныстырды. Шеруді жырау,  «Мәдениет  саласының  үздігі»  Бидас  Рүстембеков бастады.  Түркі  халықтарының кемеңгер  ойшылы, атақты  абызы –Қорқыт  бабамыздан  бастау  алатын  жыраулық  дәстүр   жүз  жырауды  жүзіктеген   киелі  мекенге  айналды. 2006  жылы  К.Рүстембеков атындағы «Жыраулар  үйі  ашылып  халыққа  мүлтіксіз  қызмет  жасауда.  Жыраулар  үйінде «Базар  жырау» , «Жиенбай  жырау», «Тасберген  жырау», «Рүстембек  жырау», «Көшеней  жырау» және  «Қобыз» үйірмелері  жұмыс  жасайды. З.Кәрібаева,  Д.Тоқсанбаев, Б.Бедебаев, Б.Аққалиев,  Ә.Ешбаева, Р.Тұржановалар  халықаралық  байқаулардың  жеңімпазы  Тоғжан  Бақытова,  М.Алдамжарова  және  Елбасымыздан  домбыра  сыйға  алған  жас  жыршы  Арай  Оңғарқызы  да  жыраулар  сапында.
Шеруді  келесі  киелі  өнерлі  ұжым  Т.Салқынбайұлы атындағы  әуез мектебі  жалғастырады. Әуез мектебінің  жанынан  Т. Салқынбайұлы  атындағы ұлт-аспаптар  оркестрі  де  ауданымыздың  өнері  мен  мәдениетінің  дамуына  зор  үлесін  қосып келеді.
Шараға аудандық әуез мектебінің ұжымы мен шәкірттері Т. Салқынбайұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрінде ұлттық домбырамызбен әуелете күйден шашу шашты.  Сонымен бірге ауданымыздағы Республикаға белгілі Халықаралық дәрежедегі сыйлықтың иегерлері Б. Рүстембеков, З. Кәрібаев т.б жырауларымыз аудан халқын жыр жолдарымен сусындатып мерекелік көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ жас жыршыларымыз Арай Оңғар, ағайынды Аққалиевтер жырлары мен күмбірлете тартқан күйлері жиналған жұршылықты серпілтіп тастады. Қазақтың  қара  домбырасы -  бұл  халықтың  қазынасы. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдараламасымен қорытындыланды.
30 маусым 2018 ж. 1 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам