Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ауыр сөмке оқушының денсаулығына қаншалықты зиян

Ауыр сөмке оқушының денсаулығына қаншалықты зиян

Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары астана мектептерінде оқушылар сөмкесінің салмағын өлшеп жүр. Ведомствоның өзі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне осындай ұсыныс білдірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Департамент басшысы Сәдуақас Байғабыловтың сөзіне қарағанда, ауыр сөмке оқушылардың белін ауыртып, бүкір қылудан бөлек, кифоз, лордоз сияқты ауруларға шалдықтыруы, тіпті балалардың тірек-қимыл аппаратына зардабын тигізуі мүмкін. С. Байғабылов ағзасы, қаңқа-бұлшық ет жүйесі енді ғана қалыптасып келе жатқан жеті жасар балалардың денсаулығына алаңдаулы. Оның айтуынша, оқулық толы сөмкенің салмағы төрт, кейде бес килограмға дейін жетеді. Сондықтан оқушы сөмкесіне қойылатын талаптарды қайта қарап, мектептердің тексеру парағына қосымша тармақ енгізу қажет. Департамент басшысы қазірдің өзінде гигиеналық талаптардың бұзылуына айыппұл салынатынын ескертті. Айта кетейік, мұндай айыппұлдың мөлшері 500 мың теңгеден асып түседі.
18 қазан 2019 ж. 902 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам