Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Үш жылда 600 мұғалім баспаналы болды

Үш жылда 600 мұғалім баспаналы болды

Қазіргі таңда аймақтың барлық білім беру ұйымдарында 30 мыңнан астам мұғалім қызмет етеді.Оның 60 пайызы ауыл педагогтары. Педагог мәртебесін арттыруға бағытталған жоба негізінде облыста жүйелі жұмыстар қолға алынған. Атап айтқанда, соңғы үш жылда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде 600-ден аса мұғалім жеңілдетілген несие арқылы баспанаға қол жеткізген.
Одан бөлек, ауылдағы ұстаздарды көтермелеу мақсатында жылына бір рет олардың коомуналдық шығындарын өтеуге өтемақы төленуде. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялық орталығында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова кеңінен айтып өтті. Сонымен қатар, аймақтың бас ұстазы облысты білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында мамандарға сұраныс артып отырғанын жеткізді. Осыған орай, 2019-2020 жылы оқу жылында 22 жаңа мамандық ашылған.
– Биылғы оқу жылында облыстың еңбек ресустары балансына сәйкес колледждерде «жаңа мамандықтар атласын» зерделей отырып, өңірге қажетті жаңа мамандықтарды ашу және бітірушілерді тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша колледждерге рейтинг жүргізілетін болады, – деді М.Мелдебекова.

Айтолқын Айтжанова
28 қазан 2019 ж. 994 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам