БІЛІМ – БОЛАШАҚТЫҢ БЕКЕМ БАЙЛАМЫ
А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты Қызылорда қалалық педагог қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.
Алдымен қалалық білім беру жүйесінің даму көрсеткіштері мен жетістіктері көрмеге қойылды. Көрменің негізгі мәні – инновациялық технологиялардың жалпы білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісін дамытудағы ықпалын көрсету.
Келелі жиынға облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова және ардагер ұстаздар, білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдер қатысты.
Тағлымы мол жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, ұстаздар қауымын дәстүрлі шарамен құттықтады.
Тамыз кеңесінде сөз алған облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов білім саласындағы келелі мәселелерге жан-жақты талдау жасады.
– Білім саласындағы тың серпілістер әлі талай бастамаларға жетуімізге күш береді. Мәселен, өткен оқу жылында түрлі стратегиялық бағыттардың аясында бірқатар жетістіктерге қолжеткізгеніміз белгілі. Осы бағыттағы жұмыстардың оң нәтижелі болуы – ұстаздардың жемісі екені анық. Бүгінгі таңда интеллектуалды капитал, еңбек адамы, инновациялық ойлау – еліміздің басты құндылықтарының бірі болып отыр. Бұл құндылықтарды іске асыруда мұғалімдер талмай еңбек ететіні белгілі. Сондықтан да әркез ұстаз мәртебесін жоғары қоюымыз қажет, – деді Н.Байқадамов.
Сонымен қатар, облыстық мәслихат хатшысы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру ісінде түпкі нәтиже отбасы, мектеп, қоғам бірлігіне тығыз байланысты екенін алға тартты. Ал, облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова биылғы оқу жылының ерекшелігі мен алдағы міндеттері жөнінде кеңінен мәлім етті.
– Биылғы оқу жылының ерекшелігі – министрлік тарапынан жаңа типтік оқу жоспары мен оқу бағдарламасының бекітілуі болып саналады. Сонымен қатар, үстіміздегі оқу жылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5-7 сыныптарда «Өлкетану» курсы енгізіледі. Аталмыш курс оқу жылының екінші жылынан бастап оқытылады деп жоспарланған. Сондай-ақ, биыл «Информатика» пәні 3-ші сыныптан басталса, келесі жылы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында информатика сабағы 1-2 сыныптардан басталады деп жоспарланған, – деді облыстық білім басқармасының басшысы.
Мәртебелі жиын барысында қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітов және бірқатар білім беру мекемелерінің басшылары баяндама жасады. Онда қаламыздағы білім саласының даму қарқыны жөнінде кеңінен баяндалды.
– Білім берудің жаңа инновациялық тәсілдерін қолдана отырып білім алушыларға барынша жағдай жасау – қоғамымыздың алға қойған мақсаттарының бірі. Бұл бағытта қаламызда ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен, үстіміздегі жылдан бастап «Электронды балабақша» автоматтандырылған жүйесі 237 мектепке дейінгі білім беру ұйымына енгізілді. Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 қаңтарынан жаңартылған білім мазмұны бойынша 1,2,5,7 сыныптарға сабақ беретін 4003 мұғалімнің жалақысы 30 пайызға артты. Жаңа оқу жылынан бастап 3,6,8 сыныптарға сабақ беретін 1545 ұстаздың жалақысы 30 пайызға көбейетін болады, – деді ол.
Тамыз кеңесінде қаланың бас ұстазы үш тілде оқыту, біліктілікті арттыру мәселелерін де назардан тыс қалдырмады. Себебі, мұғалімнің әлеуметтік мәртебесі мен беделін арттыру – білім беру жүйесінің басты бағыттарының бірі болып саналады. Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы негізінде өткен жылы 1432 мұғалім біліктілік арттыру курстарынан өткізілген. Ал үстіміздегі жылы бұл бағыт бойынша бүгінгі күнге дейін 627 мұғалім өткізілсе, жыл аяғына дейін 918 мұғалім біліктілік курстарынан өтетін болады.
Бүгінгі таңда әлем жұртшылығының назарын аударып отырған келелі мәселелелердің бірі – білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Аталмыш мәселе бойынша қаламызда тиісінше жұмыстар жасалып, оң нәтижесін көрсетуде. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Мұрагер», №4,7,211, 222 мектептер жанынан 5 логопедтік пункт және «Сыр жұлдызы» балабақшасы жанынан инклюзивті топтар қызмет етіп келеді. Қалай десекте білім саласындағы серпілістер мен өзгерістер жыл сайын өз деңгейінде орындалып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр.
Кеңес жұмысын қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қорытындылады. Шаһар басшысы аталмыш саланы дамыту және жаңа заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен қолдауларға тоқталды.
– Қазіргі таңда, мемлекет тарапынан білім саласына үлкен қамқорлық көрсетіліп келеді. Оның ішінде біздің қаламызда да көптеген оңды істер атқарылуда. Жыл сайын жаңа білім ошақтары мен балабақшалар пайдалануға беріліп, материалдық техникалық базалары жаңартылуда және мектептер күрделі жөндеуден өткізілуде. Жыл сайын қала бюджетінің 45-50 пайызын білім саласына бағыттап келеміз. Биылғы жылы 21 млрд.теңге қарастырылды, – деді қала әкімі.
Сондай-ақ, қала әкімі білім саласын әрі қарай жетілдіруге қатысты ұсыныстарын айтты. Мәселен, электронды балабақша жүйесіне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын толығымен ендіру керек. Себебі, бүгінгі таңда жеке балабақшаларда кемшіліктер орын алып жатыр. Сонымен қатар, қағазбастылықтан арыла алмай отырған білім беру ұйымдары әлі де бар. Сондықтан интернет желісінің жылдамдығын арттырып, "Күнделік KZ" электронды журналына 100 пайыз көшуді қолға алу қажет. Балалардың қосымша білім берумен қамтылу көрсеткіші де өз деңгейінде емес. Сол үшін де жас өрендер өзін-өзі функционалды сауатты, жан-жақты дамыту үшін мүмкіндіктер жасалуы тиіс. Мектеп оқушыларының қатысуымен жасалатын құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жұмыстар өз деңгейінде орындалуы міндетті. Себебі, 2017 жылы оқушылардың қатысуымен 8 құқықбұзушылық оқиғасы орын алса, 2018 жылдың осы кезеңіне дейін 4 рет оқушылар арасында құқықбұзушылықтар тіркелген.
Қала көлемінде 3000-ға жуық ерекше қолдауды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі өрендер бар. Сондықтан инклюзивті топтар мен сыныптар желісін кезең-кезеңімен көбейту – бүгінгі күннің басты талабы. Ал, оқушылардың білім сапасын көтеруде, педагог қызметкерлердің, әсіресе білім беру ұйымдары басшыларының біліктілік деңгейінің жоғары болуы маңызды екені белгілі. Сондай-ақ, ата-аналар бала тәрбиесі алдындағы міндетін сезінуі тиіс. Осыған орай, ата-аналар комитетінің ролін күшейтіп, олардың арасындағы жауапкершілікті арттыру мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуы керек. Себебі, жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беру арқылы ғана жетістікке жетуге болады.
Жиын соңында білім саласының дамуына айрықша үлес қосып, ерекше шығармашылығымен, жоғары жетістіктерге жеткен ұстаздар қауымы қошеметке ие болды. Оларды қала әкімі Н.Нәлібаев алғыс хаттармен марапаттап, ноутбуктер сыйға тартты.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.