Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КЕҢЖОЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТ КЕҢІНЕН ҚОЛДАНЫЛМАҚ

КЕҢЖОЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТ КЕҢІНЕН ҚОЛДАНЫЛМАҚ

   Бүгінде аймақтағы  мектептердің 93,1 пайызы кеңжолақты интернетке қосылған. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде 8096 ескі компьютер жаңартылып, заманауи пәндік кабинеттер және 3D зертханаларымен қамтылатын болады. Бұл туралы Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеді.
Жаңа оқу жылының қарсаңында Қазалы және Жаңақорған аудандарында жаңа мектептер пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін Арал қаласында 300 орындық  және Қызылорда қаласында 600 орындық білім мекемесі пайдалануға беріледі.
- Облыстағы қалған білім ошақтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда облыстың жалпы білім беру мектептерінің 93,1 пайызы кеңжолақты интернет желісіне қосылған, жыл соңына дейін қалған мектептер толығымен қамтылады.  Мемлекеттік жекеменшік әріптестік  шеңберінде білім ұяларындағы 8096 ескірген компьютерді ауыстыру жоспарлануда. Бұдан басқа, 242 мектеп  электрондық журнал «Күнделік» жүйесінде жұмысын бастайды, – деді білім басқармасының басшысы.Осы  оқу жылынан бастап 3,6,8 сыныптар жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасымен оқиды. Қырық алты инновациялық мектепте физика, информатика, химия және биология пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Облыста 649 мұғалім ағылшын тілі курсынан өтті.
Сонымен қатар, 156 мектеп физика, химия, биология пәндерінің заманауи кабинеттерімен жабдықталуда,  92 білім ұясы робототехника кабинеттерімен, 9 оқушылар сарайы «3D зертханалармен» қамтылады. Қалалық және ауылдық мектептер деңгейін теңестіру бағытындағы шаралар аясында  шағын жинақталған мектептер Bilim Book кешенімен қамтылады.
Биылғы оқу жылының ерекше жаңалығының бірі  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  5-7 сыныптар бойынша «Өлкетану» пәні енгізіледі. Сондай-ақ, биылдан бастап  3-сыныптарда «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні оқытылатын болады.
Естеріңізге салайық, өткен оқу жылында 7113 мектеп бітіруші түлектің 4742-сі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан. ҰБТ-ның орташа балы 85,2% құрады. 2732 түлек мемлекеттік білім беру грантына ие болды. Сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімінің 205 гранты, 43 ректор гранты, Мәскеу мен Санкт-Петербургтің жетекші жоғары оқу орындарының 70 гранты мен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының жанындағы университетіне 10 грант бөлінді. 39 грант әскери оқуға және  шетелдік университеттерге 29 грант бөлінген. Осылайша, 3 мыңнан астам сыр бойылық түлек грант негізінде білім алады.


«Ақмешіт-ақпарат»
04 қыркүйек 2018 ж. 1 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам