СЫРДЫҢ САҢЛАҚ СЕРІСІ
Шиелі аудандық мәдениет үйінде Қазқстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Шайтұрсын Әбдібаев ағамыздың 75 жылдығына арналған «Сырдың саңлақ серісі» атты еске алу кеші өтті.
Кешті аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы ашып, Сыр өнерінің дамуына үлес қосқан талантты актердың өмір жолы мен шығармашылығын сөз етті. Кеште Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрының көркемдік жетекшісі Хусейн Әмір Темір, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының режиссері Гүлжан Әбдібаева, Сұлутөбе ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Жұмаділов сөз алып, Шайтұрсын ағамыз туралы естеліктерін айтты. Н.Бекежанов театр ұжымының әртістері, драматург С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» спектаклін Шайтұрсын Әбдібаевты еске алуға арналған кеште көрермендерге тарту етті. Кештің соңында аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев әртістерге алғысын білдіріп, ықылас гүлі мен естелік сыйлықтар табыстады.