Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жаңақорғанда түркістандық жүргізуші қаққан жаяу жүргінші көз жұмды

Жаңақорғанда түркістандық жүргізуші қаққан жаяу жүргінші көз жұмды

   Жаңақорған ауданының орталығында жеңіл көлік иесі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқыс оқиғадан соң жаяу жүргінші ауруханада көз жұмды.
Көлік жүргізушісі – түркістандық азамат. Ол өзі басқарып отырған «Opel Vektra» көлігімен жаяу жүргіншілер жолағы жоқ жерден өтпекші болған адамды қағып кетті.
«Алған жарақат салдарынан жаяу жүргінші медициналық мекемеде қайтыс болды. Автокөлік жүргізушісі оқиға орнында анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда адамның өліміне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

31 қазан 2019 ж. 955 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам