Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сырдария ауданы кітапханаларының күні аталып өтті

Сырдария ауданы кітапханаларының күні аталып өтті

   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапхана  - білімнің күн шуағы» атты Сырдария ауданы кітапханаларының күні өтті. 
Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби тәжірибе алмасу, аймақтық кітапханалардың инновациялық шығармашылығы мен кітапхана қызметінің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған шараға облыстық, қалалық және аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты. Мереке аясында «Ырысты ел – тұнған тарих өлкесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлстан Нұржакиева «Ырысты ел – тұнған тарих өлкесі» атты кітап көрмесімен таныстырып, аудан тарихы, әдебиеті мен мәдениеті туралы шолу жасады.
Тағылымды шарада жергілікті ақын Байрон Есенбаевпен кездесу кеші өтті. Аудан кітапханашылары ақынның туындыларын оқып, оның сөзіне жазылған әндерді шырқады. Шарада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Н.Мырзамұратова құттықтау сөз сөйледі.  Ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ауылын жырлаған ақын» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Аудан кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру көкжиегіндегі Сырдария» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар аудан кітапханаларының өткені мен бүгінгі жетістіктері бойынша дайындалаған бейнероликті тамашалады.
01 қараша 2019 ж. 1 075 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 062 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам