Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қылмыс жасау деңгейі төмендеді

Қылмыс жасау деңгейі төмендеді

  Бүгінгі таңда аймақта құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты жүйелі жұмыстар жүзеге асуда. Қылмыстық іс жүйесі жаңғыртылып, «Е-Қылмыстық іс» жобасы іске қосылған. Бағдарлама қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуден бастап қылмыстық процестің барлық сатыларын және үкімнің орындалуына дейінгі саланы қамтиды.
 – Қызылорда облысы құқық бұзушылық бойынша еліміздегі аймақтар арасында 7 орында тұр. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда қылмыс 15 пайызға төмендеген. Оның ішінде осы жылдың 9 айында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 78 қылмыстық құқық бұзушылық жасалған. Ол өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға кем, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев.
Бүгінгі таңда облыстық прокуратураның бастамасымен өңірдегі құқықбұзушылықтар профилактикасының кешенді жоспары бекітілуде.
– Қазір өңірде 2000-ға жуық адам пробациялық есепте тұр. Пробациялық бақылау орнатылған тұлғалар 3 санатқа бөлініп, тізімі жасалды. Біздің қызметкерлер қалалық пробация есебіндегі 679 адамның мекен-жайына бару арқылы тексеру жүргізді. Аймақта азғындық ісі бойынша қылмыс көрсеткіші төмендеді. Ал 12 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Одан бөлек 3 сотталушыға химиялық кастрация түрінде мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылды, – деді Т.Әлібаев.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
05 қараша 2019 ж. 862 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам