Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қармақшы ауданы облыс бойынша қылмыс ең аз жасалатын аймақ ретінде тіркелді

Қармақшы ауданы облыс бойынша қылмыс ең аз жасалатын аймақ ретінде тіркелді

   Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша аймақта 2262 салыстырулар, 832 мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 1653 бұзушылықтар анықталған. Осындай заңдылықты бұзушылықты жою мақсатында қадағалау жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша басқарма басшысының орынбасары Сакен Ыдырыс мәлімдеді.
«Өңірімізде қылмыстың жай-күйін анықтайтын «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» енгізілген. Аталған карта келесі қағида бойынша жұмыс жасайды. Қылмыс жасалған соң, ол қылмыстық қудалау органдарында тіркеледі. Картада қылмыстың жасалған күні, уақыты, мекен-жайы және қылмыстың түрі көрсетіледі. Бұл карта ғаламтор желісінде http://qamqor.gov.kz мекен-жайы бойынша кез-келген азаматқа қолжетімді»,- дейді Ыдырыс Олжабайұлы.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылы облыс аумағында қылмыс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 14,9 пайызға төмендеген. Өңіріміз бойынша қылмыс аз жасалатын аймақ ретінде Қармақшы ауданы тіркелді.
17 қазан 2019 ж. 1 582 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 202 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам