ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қызылорда облыстық партия филиалында «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дулат Құсдәулетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов және «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының партиялық бақылау департаменті директоры Нұрлан Баймұрзаев пен департамент инспекторлары Бауыржан Бекбосын және Әлібек Сүлейменов қатысты.
Жиында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2025 жылдарға арналған партиялық бағдарламасының» орындалуы және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының бесінші басымдығы аясындағы жұмыстардың іске асырылуы талқыланды.
"Нұр Отан" партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес мүшелері өңірдегі осы бағытта атқарылған жұмыстарды оң бағалап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жұмыстарды әлі де күшейту керектігін тапсырды.