МОБИЛЬДІ ТОП ТЕМІРЖОЛШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Шара барысында Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А. Мұхимов өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясаттың басым бағыттарының біріне тоқталып өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнеролик ұжым назарына ұсынылды .
Сөз кезегін «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы Қ. Жарекеев алып, облыс аумағында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша партиямен жүргізіліп жатқан шараларға тоқталып өтті.
«Қамқор-Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен мобильді топ мүшелері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша қызу талқыланды.
Кездесу жалпы «әр азамат Заң талаптарын сақтап жүрсе, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне ұрынбайды» деген ұранмен аяқталды.