Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Ой - сана» облыстық байқауы өтті

«Ой - сана» облыстық байқауы өтті

   «Болашақ» университетінде облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының ұйымдастыруымен жастар арасында орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру мақсатында «Ой – сана» облыстық байқауы өтті.
Байқауға Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда өткен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 16-22 жас аралығындағы 22 талапкер қатысты.
 Байқауға қатысушылардың білімін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің орыс тілі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Пернекүл Сағынтайқызы басқарған қазылар алқасы бағалады.
Нәтижесінде Жалағаш ауданындағы Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Ербатыр Еспанов І орынды жеңіп алса,   Жаңақорған ауданындағы №169 орта мектептің 11-сынып оқушысы Индира Нұрланқызы ІІ орынға, Арал ауданындағы №83 орта мектептің 11-сынып оқушысы Мөлдір Ғалымжанқызы ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ, Қармақшы ауданындағы №273 орта мектептің 11-сынып оқушысы Альмира Мирамбекова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1-курс студенті Жансая Досымбетова және Қызылорда қаласындағы №144 орта мектептің 11-сынып оқушысы Инабат Сайпенова ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Облыстық байқаудың жеңімпаздары басқарманың дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталды.
08 қараша 2019 ж. 868 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 040 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам