Қос басылым басшылары Қармақшыда

Шығармашылық топ алдымен аудан әкімі Мұса Қалдарбековпен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарылып жатқан жұмысы жайында пікір алмасты. Одан соң іс-сапар аудандық COWORKING орталығында оқырмандармен кездесумен жалғасын табуда. Мақсат - әріптестік байланыс орнату. Шығармашылық басқосу Айгерім Ешбаеваның "Қармақшым менің" жырымен шымылдығын ашты. Жиында «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінің бас редакторлары Қуат Шарабидинов пен Қазыбек Ботаев газеттің бүгінгі тыныс-тіршілігін сөз етті. Сонымен қатар оқырманмен шығармашылық байланыс орнатуға әркез дайын екенін жеткізді. Жүздесуде еркін пікір алмасып, дәйекті ойлар ортаға салынуда.