Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ана сүті бой өсіреді...

Ана сүті бой өсіреді...

        Адам бойындағы барлық асыл қасиет атаулы әкенің қанымен, ана сүтімен даритыны анық. Ал, алпыс екі тамырын идіртіп, мейірімінен төгілген қасиетті ана сүтінің орны тіптен бөлек.
   Бүгінде жас аналар бала емізуді машақат көріп, жасанды сүт беруге әуестеніп алғанын көзіміз көріп жүр. Ал, ғылыми зерттеу бойынша сәбидің дені сау болып өсуі үшін оларды екі жыл толық емізу керектігі дәлелденіп отыр.
  Балаға қажетті, ештеңемен алмастырылмайтын ана сүті сан түрлі дәруменге толы. Айтар болсақ,  ол ақуыз, май, түрлі дәрумендер, минералды тұздар мен өмірлік маңызы бар микроэлементтерге бай болып келеді. Сондай-ақ, баланың интеллектін де қалыптастыра алады. Өз мезгіліне жете емген сәбиде дәрумендер молынан болары сөзсіз. Демек, өз жасына сай, дені сау болып өседі. Қазақтың «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» деген қанатты сөзі бекер айтылмаса керек. 
   Денсаулық саласында еңбек етіп жүрген білікті  педиатр-дәрігер Дара Тұрымбетованың осы мәселе төңірегінде пікірін білген едік.
  –  Медицинада нәрестегі уыз берудің маңызы толық дәлелденген. Сондықтан жарық дүние есігін ашқан шақалақты бірден анасының омырауына жатқызады. Анасына емізуді міндеттейді. Себебі, ананың сүті жас нәрестені қоректендіретін, кез келген жұқпалы аурулардан сақтайды. Ол шақалықтың ми жасушасының көбеюін және жүйке жүйесінің дамуын жеделтетін қоректік заттарға өте бай. Сондай-ақ, аллергиялық аурулардың, диабеттің, артық салмақтың, қан аздықтың алдын алады. Ана сүтін толық емген баланың ақыл-ой зеректігі жоғары болады әрі анаға жақын, бауырмал болып өседі. Тағы бір қасиеті, оның құрамы нәрестенің өсу мерзіміне қарай өзгеріп отырады. Құнарлы ана сүті деп  егер онда ағзаға керекті қоректі заттардың ақуыздың, көмірсутектің, қанттың, майдың, дәрумендердің, металл иондарының сандық сапалық мөлшері біркелкі деңгейде тұрса айта аламыз. Егер бұлай болмаған жағдайда сүт өзгереді, оның сұйықтығы, көлемі, дәмділігі басқаша байқалады. Мұндай сүтте су көбейеді де тәттілік қасиет төмендейді, дәмсізденеді, сұйықтанып, түсі көкшілденеді. Осындай сүтті емген балада апталық салмақ қосу бәсеңдейді, жиі-жиі мазасызданады, жылайды, ұйқысы бұзылады. Сондықтан ана сүтіне қанып тоймағандар, әлсіз, жұқпалы ауруға бейім болып өседі,– деді ол.
  Иә, әлемдегі ең тәтті дәм – ананың сүтінде. Оның құнарлығы мен нәрлігіне күмән келтірмек түгілі, ерекше құпиясына ғылыми дәлелдеме қажет емес. Себебі, бағалы ақуызы адамзатқа өмірлік қуат беретін Алланың құдіретіндегі керемет табиғи бұлақ. Ана сүті таптырмайтын қорек, өзі жеңіл, барлық ауру – індеттен қорғаушы адамзаттың теңдессіз әуелгі асыл тағамы.
   Сондай-ақ,  бала емізу ананың денсаулығы үшін де маңызды. Акушер дәрігер Эльвира Әбуованың айтуынша, ол сүт безінің қатерлі ісікке шалдығу қаупін он есеге, жатырдың қатерлі ісікке шалдығу қаупін екі есеге төмендетеді. Ал, психологиялық тұрғыдан алғанда ана жүрегінің соғысы баланы тыныштандырса, баланың емуі анасының шаршағанын басады.
 Қай жағынан алып қарағанда да оның орнын ешқандай тағам алмастыра алмайтынын байқап отырмыз. Кез-келген ақ жаулықты баласын бір жасқа дейін тек қана ана сүтімен қоректендіріп, одан кейін қосымша тағамдар қосып отырып, екі-үш жасқа дейін емізген дұрыс.  Сапалы сүт міндетті түрде жаңа туылған сәбиге өте қажет.  
    Қорыта келгенде, ана сүтінің рөлі өте зор. Сол арқылы нәзік жандылар ұрпағының  ширақ, денсаулығы мықты болуын толық қамтамасыз етеді.  Әрі балаларымыз таза ұлт болып шығады. Дені сау – ұрпақ ертеңгі ұлт болашағы, келешектің тұтқасы. Атаның қанымен, ананың сүтімен келетін тектілікті жоғалтпағанымыз жөн. Ұрпағымыз уызына жарымаған әлжуаз емес, кемел болашақты жасай алатындай дені сау, рухы мықты азамат ретінде өсуі бесік тербететін аналардың қолында екенін естен шығармаған абзал.
Айтолқын  АЙТЖАНОВА
19 қараша 2019 ж. 2 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам