Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жылуға қарыз – 200 миллион теңге

Жылуға қарыз – 200 миллион теңге

 Жылу маусымында мекеме қызметін игілігіне пайдаланып, оның ақысын төлегісі келмейтін тұрғындар енді жылу көзінен ажыратылады. Себебі, жылу мекемесінде қаржылай қиындықтар туындап отыр.
 – Кезек күттірмейтін шығындарды өтеу мақсатында қордаланған қарызы бар тұтынушыларды жылу және ауыз су беру жүйелерінен ажыратуды қолға алудамыз. Қала тұрғындары жылу орталығындағы жалақы осы тұтынушылардың тұтынған қызметі үшін төлейтін ақшадан құралатынын әрі кәсіпорынның қызмет ұсыну сапасы төмендеуіне әкелетінін есте ұстаған жөн, – деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Бердібаев қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте.
 – Қазіргі уақытта облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлер толығымен орталықтандырылған жылу энергиясына қосылды. Сонымен қатар, 500-ден аса мемлекеттік мекеме мен орта және шағын кәсіп нысандары жылумен қамтамасыз етілген. «Қызылордажылуэлектрорталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылады. Ол өзін-өзі қамтамасыз ететіндіктен 700-ден астам қызметкерге жалақы тағайындалады. Бүгінгі таңда қала бойынша 30 мыңнан астам абонент бар. Жаз мезгілі уақытында қордаланған қарыздарды жинауға жұмыс жасаймыз. Жылу беру маусымының басында негізгі дебюторлық қарыз 200 млн. теңге болды. Оның негізі тұтынушылары – көпқабатты және жеке тұрғын үйлер. Жылу беру маусымының алғашқы күнінен өзіміздің кезек күттірмейтін шығындарды орындау мақсатында қаладағы тұтынушыларды қордаланған қарыздары үшін жылу энергиясынан ағыту жұмыстары жүргізілуде, –  деді «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК директоры Руслан Нұрмағанбетов.
Қолданыстағы ережеге сәйкес тұтынушының негізгі міндеті пайдаланған жылу мен судың қарызын келесі айдың 25-іне дейін төлеуге міндетті. Ол типтік келісім-шартта көрсетілген. Осы міндеттерді орындамаған қарызы бар тұтынушыларға «Қызылордажылуэлектрорталығы»  және «Су жүйесі» мекемелері тарапынан ай сайын төлем төлеу қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі.  Сонымен қатар, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі талап арыздар жолданады. Айта кететін жайт, алдағы уақытта уақытылы төлем жүргізілмеген жағдайда тұтынушы  үстеме ақымен төлей отырып, екінші деңгейлі банктерден несие алуға мүмкіндігі болмайды. Яғни, тиісті мекеменің ескертуіне құлақ аспаған тұрғындармен сот орындаушылары арқылы өндіру жұмыстары жүргізіледі.
 – Ауыз су адалынан келетіні рас. Су болмаған бір күннің өзі қиын. Сондықтан да пайдаланған судың ақшасын ай сайын төлеп тұрған тұрғындардың өзіне жақсы. Бүгінгі таңда 19 пайыз ғана жеке тұтынушы өз қарызын өтеп отыр. Суға ортақ қарыз 708  млн. теңге оның ішінде 51 млн. теңгесі жеке тұрғындардың  қарызы, – деді «Су жүйесі» КМК директорының орынбасары Сабырхан Төлепбаев.
Сондай-ақ, мекеме басшылары қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасап, екіжақты келісім орнату және тиімді жағдай жасау үшін тиісті бөліп төлеу мүмкіндігін қарастыруға болатындығын жеткізді. Ол үшін қарызы бар тұтынушы мекеме қызметкерлерімен өз еркімен байланысуы тиіс.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ
19 қараша 2019 ж. 887 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам