Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

  Қазақта «Қыстың қамын жазда ойла» деген бар. Жаздың соңғы айы басталды, күзде күнде салқындай түседі. Былтырғы қыс қалалықтар үшін естен кетпестей болды. Жылу жайына қатысты қалалық штаб құрылды. Сондықтан бұл маусымғы дайындық, тұрғындар қарызы, жөндеу жұмысы назардан тыс қалмайды.
Ал, биылғы қысқа қала дайындығы қалай? Көмір тапшылығы орны алуы мүмкін бе? Жылу маусымына қандай жұмыстар жасалуда? Осыған орай «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК директоры Руслан Нұрмағанбетовті сөзге тарттық. Жылу беру маусымы кезеңінде Қызылорда қаласына қажет етілетін қатты отын көлемі шамамен 43 мың тоннаны құрайды. Бұл отынмен қамтамасыз ету бойынша 5 тасымалдаушы мекеме бар. Олар – жеке кәсіпкерлер «РусКом», «Бахадуров»,  «Олжас-2005», «Қызылорда-Отын», «МЧ» ЖШС. Әрқайсысы өздеріне тиесілі міндетін атқаруда. Биыл Шұбаркөл, Қаражыра  көміріне тапсырыс берілді.

«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК теңгерімінде ЖЭО, КОГТЭС, Оңтүстік қазандығы, қаланың мөлтек аудандарында орналасқан 17 автономдық блок модульдік қазандық пен Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі «ҚазалыТеміржолЖылу» қазандығы бар. Орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы барлығы 1364 нысан қамтамасыз етіледі. Оның ішінде көпқабатты және жеке тұрғын үйлер, білім, денсаулық, мәдениет, спорт нысандары, балабақша, бюджеттік мекемелер бар.
– Қазіргі күні кесте бойынша қосалқы қондырғылары мен жылу құбырларына жөндеу жүруде.  Сонымен қатар, кәсіпорынға «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша әрі облыстық бюджеттен қаржы бөлінді, – деді Р.Нұрмағанбетов.
Бүгінгі күнге резервтік мазут отынның қалдығы 4687 тоннаны құрап отыр. Оған қоса жылу жүйелеріне бекітілген кестеге сәйкес жаз айларында жөндеу жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда барлық мердігерлер анықталып, құрылыс-монтаж жұмысы жасалуда. Осы кезде жылу желілерінің 1,9 шақырымы жаңғыртылды. Жобаларды іске асыру нәтижесінде оның тозығы жеткені кеміп, апаттық жағдайлар азая түспек. Сондай-ақ, қаладағы 10 мыңға жуық тұтынушы сапалы әрі тұрақты жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі. Оның құрамына «Шұғыла», «Южный», «Универсам» мөлтек аудандары, Титов қыстағы мен Шанхай кіреді.
– Жұмыс жоспарлы жүргізілуде. Әйткенмен, арасында мәселелер кездесетіні жасырын емес. «Қызылорда қаласындағы №51 жылукамерасынан №49А жылукамерасына дейінгі кварталаралық жылу жүйесін қайта жаңғырту» жобасы бойынша Скатков көшесінің бойындағы жаңғыртылған жылу камерасына кәріз су құйылуда. Аталған мәселе бойынша кәсіпорын тарапынан қала әкімдігіне және «Қызылорда Су жүйесі» МКК хаттар жолданған болатын. Алайда, аталған мәселе өз шешімін тапқан жоқ. Бірақ, әлі де болса, шешімін табады деген ойдамыз, – деді Р.Нұрмағанбетов.
Сонымен қатар, жылу беру дайындығынан бөлек, тұрғындар қарызы бар. Бүгінгі күнге жылу энергиясына тұтынушылардың берешегі – 318,9 млн. тенге. Р.Нұрмағанбетовтің айтуынша, бұл бойынша мамандары жан-жақты жұмыс жасауда.
– Газ отынына, зат тасымалдаушы және қызмет көрсетуші мекемелерге және салыққа кредиторлық қарызымыз біршама азайтылды. Қазір жұмысшылардың алдында жалақысы мен зейнетақысына берешегіміз жоқ, – деді кәсіпорын директоры.


Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
Суретті түсірген:
Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.
07 тамыз 2018 ж. 1 609 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 440 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам