«Үздік медицина қызметкері» байқауы өтті
2019 жылдың 15 қарашасында Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында «Үздік медицина қызметкері» сайысы өткізілді.
«Үздік дәрігер» және «Үздік фельдшер» номинацияларынан тұратын конкурс 3 кезеңде өткізілді. Сайыс кезінде қатысушылар өзін таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді, практикалық дағдыларды көрсетті: жасанды тыныс алу, жүрекке жанама массаж жасау, қан кеткенде, жарақат кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетті.
«Үздік дәрігер» номинациясы бойынша: І-орынды ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім меңгерушісі дәрігер - Нұрбол Сауытбаев; ІІ-орынды ҚР ІІМ ТЖК №2 «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ дәрігері - Мира Нұржаубаева; ІІІ-орынды ҚР ІІМ ТЖК №1 «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ дәрігері - Динара Байжұмаева иеленді.
«Үздік фельдшер» номинациясы бойынша: І-орынды ҚР ІІМ ТЖК №3 «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ фельдшері - Бақберген Жаңабай; ІІ-орынды ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалының фельдшері - Ерген Жаназаров; ІІІ-орынды ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалының фельдшері - Бағдат Иманзадаев лайықты деп табылды.
Әділ-қазы төрағасы - Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев сайысқа қатысушылардың дайындығы өз дәрежесінде болғандығын айтты. Сонымен бірге, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету барысында жоғары білімділік пен практикалық дайындықтың маңызды екендігін атап өтті. Сайыс соңында жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
Қызылорда облысы ТЖД