ШАРТТЫ ӨРТ ҚОНАҚҮЙДЕ ТІРКЕЛДІ

Өткізілетін оқу-жаттығудың негізгі міндеті өрт сөндіру бөлімшелерінің күш пен құралдарын нысанның күзет қызметі қызметкерлерімен өрт сөндіру кезінде іс жүзінде әрекетін пысықтау, адамдарды эвакуациялау және құтқару.
Өрт-тактикалық жаттығу барысында жоғары қабаттардан зардап шеккендерді құтқару бойынша газ-түтін қорғау буындарының жедел іс-әрекеттері жүргізілді. Құрылған оқиға орнында жедел штаб шартты өрт сөндіруге қатысқан өрт сөндірушілердің әрекеттерін басқарды.
Оқу-жаттығу өрт сөндіру қызметінен 53 қызметкер және 11 бірлік техника, ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығы, ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы, Жергілікті полиция, жедел медициналық көмек, қалалық электр торабы, газ қызметтерінің қызметкерлері жұмылдырылды.
Мұндай жаттығулар адамдардың бағалау дайындығын және қажет болған жағдайда, көмек көрсету үшін өткізіледі, -деп Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н. Ибрагимов қорытындылады.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі