«ҚОРҚЫТ АТА» ӘУЕЖАЙЫНДА ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда қаласындағы «Қорқыт ата» әуежайы» АҚ мұнай базасында жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді. Оқу-жаттығудың жоспары бойынша тұтану дәнекерлеу кезінде көлденең резервуарда орын алды. Жұмыс персонал дереу ақпаратты «101» нөмірі бойынша және іздестіру және ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметіне хабарлады.
Қызылорда облысы Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жақын маңдағы су қоймаларын салқындату жұмыстарын бастады. Төгілген мұнай өнімдерін оқшаулауды болдырмау үшін «Пурга» тасымалдаушы өрт сөндіргіштерді орнатады. Сондай-ақ көбікпен шабуылға өрт сөндіру автосатысы арқылы еселігі орташа-600 екі көбікті генераторлар жұмылдырылған. Өрт сөндіру пойызын аусымның кезекші қызметкерлері екі бағыт бойынша үзіліссіз сумен қамтамасыз етті, соның ішінде өрт автосатысына көбік берді. Қатысушылардың оқу - жаттығуларындағы жақсы үйлесімді әрекеттерінің арқасында шартты өрт сәтті жойылды.
Жаттығулардың мақсаты өрт кезінде күштер мен құралдарды басқару үшін жедел штабтың іс-әрекеттерін тексеру, өрт кезінде мұнай база қызметкерлерін оқыту, сондай-ақ бөлімшелерді басқару және тапсырмаларды орындау.
Қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыру үшін өрт бөлімшелерінің іс-әрекеттерін қаланың өрт сөндіру бөлімдерінің радиобайланысшылары және кəсіби даярлық мектебінің тыңдаушылары бақылап отырды.
Нәтижелерді қорытындылау барысында Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов қатысқан қызметтердің әрекеттерін талдап, өрт-тактикалық жаттығуларға баға берді.
Өрт-тактикалық жаттығуларға Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің 8 бірлік техникасы, 40 жеке құрам қызметкері, сондай-ақ жергілікті полиция қызметкерлері, Апаттар медицина орталығының қызметкерлері, Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы, авариялық газ бригадалары, қалалық электржүйесі, «Қазақстан темір жолы ҰҚ» АҚ өрт сөндіру пойызы, «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ іздестіру және ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметі жұмылдырылды.
М. Қалиев, Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
Өрт сөндіру жедел кезекшісі
азаматтық қорғау капитаны.