Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Синоптиктер қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты

Синоптиктер қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты

  Қазгидромет 21-23 қараша күндеріндегі ауа райына болжам жасады, солтүстік облыстарда аяздың беті қайтады деп болжанып отыр. 
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасындатады, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидрометтің ақпаратынша, Қазақстанға Карск теңізінен келген суық ауа массаларының әсерінен республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күн суытты. Түнде ауа температурасы -28...-32°С дейін төмендесе, күндіз -18…-23°С шамасында болды. Бұл орташа көпжылдық мәннен -8…-13°С төмен.

"Оңтүстік бағытта ығысқан арктикалық суық ауа ағымдарынан елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысынжа қар жауып, бұрқасындатады, солтүстік-шығыстан екпінді жел соғады. Ауа температурасы төмендейді", - делінген хабарламада.
Ал, солтүстік облыстарда, синоптиктердің болжамынша, Батыс Сібірдің солтүстігінен ығысатын кезекті циклонның әсерінен 22-23 қараша күндері аяздың беті қайтады.




21 қараша 2019 ж. 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 618 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам