Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КҮН СУЫТЫП, ҮСІК ЖҮРЕДІ

КҮН СУЫТЫП, ҮСІК ЖҮРЕДІ

  "Қазгидромет" РМК 27-29 қыркүйек аралығындағы ауа райына болжам жасады. Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазгидромет ақпаратынша, батыс облыстарына жауын-шашын әкелген атмосфералық ағымдар шығысқа қарай ығысады. Соның әсерінен солтүстік өңірлерде жаңбыр жауады. 
"Қазақстанның қалған аймағында ауа райы жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады. Сондықтан мұнда күн ашық, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста температура көтеріліп, солтүстік пен орталық облыстарда күн аздап суытады деп болжануда", — делінген хабарламада.
Қазгидрометтің мәліметінше, қыркүйектің үшінші онкүндігінде елдің солтүстік бөлігінде күн суытып, түнде үсік жүреді, жаңбырдың соңы жабысқақ қарға ұласады.
Басқа күндері ауа температурасы аз уақытқа көтеріледі: солтүстікте күндіз 15…25 градус, оңтүстікте 23…30 градусқа дейін болады.
Сөйтіп, қыркүйекте орташа ауа температурасы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында нормадан 1°С жоғары, ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан 1°С төмен, ал басқа өңірлерде норма шамасында болады деп болжанып отыр.
 
26 қыркүйек 2018 ж. 1 718 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам