Барлық мектептерінде бірыңғай сайттар іске қосылуда

«Өздеріңіз білетіндей, білім беру саласында 2015 жылы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 100 пайызға жеткіздік, апаттық жағдайдағы мектептер және үш ауысымдық мектептер мәселесін шештік, мектептердегі білім беру деңгейін біршама көтердік деуге болды. Соңғы үш жыл ішінде мектеп түлектерінің 98 пайызы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарына түсуде», - деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Бүгінде білім беру жүйесіне жеке секторды жаппай тарту міндеті қойылып отыр. Жеке мектептерді дамыту, жатақханалар мәселелері инвесторлардың қаражаты арқылы шешілетін болады. Колледждер сенімді басқаруға беріледі. Жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер кезең-кезеңімен электрондық форматқа көшірілуде.
Бұл - барлық деңгейдегі педагогтарды жұмысқа (балабақша, мектептер, колледждер), балаларды бірінші сыныпқа, колледждерге оқушылар қабылдау және тағы басқа қызметтер электрондық жүйеге көшірілуде.
«Биыл 100 жуық мұғалім автоматтандырылған жүйе арқылы жұмысқа қабылданды. Ал, 1-ші қарашадан бастап облыстың барлық мектептеріне бірыңғай сайттар қосылады. Келесі жылы жабдықтауды қажет ететін білім ұялары заманауи инновациялық физика, химия, биология кабинеттерімен қамтылды», - деді аймақ басшысы.