Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі

Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі

   Қызылорда қаласындағы аялдаманың бірінде болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орнында қаза тапқан 3 адамның және көп жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмған баланың отбасына облыстық әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі. Бұл туралы елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді.
Брифинг кезінде Қызылорда облысы әкіміне 21 қараша күні болған жол-көлік оқиғасы туралы БАҚ өкілдері: «Сұмдық апат туралы не айтасыз? Қазір қандай шаралар қолға алынып жатыр? Қандай да бір көмек болады ма?» деген сауалдарын қойды.
«Бұл оқиға туралы облыстық әкімдіктің тиісті басқармалары мен Қызылорда қаласының әкіміне қатаң тапсырма берілді. Олар менің атымнан жол апатынан көз жұмған адамдардың отбасыларына барып көңіл айтты. Бүгінгі таңда аталған оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатыр. Қаза тапқан 3 бала мен 1 адамның отбасына облыстық, қалалық әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі», – деп жауап қатты облыс әкімі Қ. Ысқақов.
Естеріңізге сала кетелік, жол апаты кеше сағат 09.15 шамасында Назарбаев даңғылы бойында болған. «Тойота Камри» маркалы автокөлігі «Mercedes-Benz» көлігін сол қапталынан келіп соққан. Салдарынан «Тойота Камри» жүргізушісі көлікті басқара алмай, автобус аялдамасында тұрған адамдарды басып кеткен.
22 қараша 2019 ж. 905 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам