Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Арал ауданында қалқымалы көпір жылжып кетті

Арал ауданында қалқымалы көпір жылжып кетті



Ауа райының күрт суытуына байланысты ағымдағы жылдың 19 қарашасынан 20 қарашасына қараған түні сағат 01:00 шамасында Сырдария өзенінде сең жүруі салдарынан Қызылжар, Хан елді мекендерінің тұсында орналасқан қалқымалы көпірлердің тростары үзіліп кеткен.
Соның салдарынан Аманөткел, Жаңақұрылыс, Қызылжар елді мекені арасында жол қатынасы тоқтаған болатын. Нақтырақ айтқанда қалқымалы көпір Хан елді мекені тұсынан 600 метрге, Қызылжар елді мекені тұсынан 1500 метрге дейін жылжып кеткен.
Орын алған төтенше жағдай бойынша аталған ауылдық округ әкімдері мен елді мекен тұрғындары және аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан шұғыл шаралар қабылданып, бүгін Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы көпір қалпына келтірілді. Нәтижесінде Жаңақұрылыс- Аманөткел арасында жол қатынасы ашылды.
Алайда, дария бойында мұз болуына байланысты Қызылжар елді мекені тұсындағы қалқымалы көпірді әзірге орнына қою мүмкін болмай отыр.
23 қараша 2019 ж. 921 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам