АУДАНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША 18 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Қаладағы Баймұратов, Сәрсенов, Сапақ би, Космонавт, Терешкова, Қаюпов, Бақтыбай батыр, Әбілхайыр хан, Нұрпейсов көшелеріне де жөндеу жүргізілді. Қызылжар елді мекенінде де жол жөндеу жұмыстарының ІІ кезеңі басталып, ауыл тұсындағы Сырдария өзеніне қалқымалы көпір салынуда. Ауылдарда ауыз су мәселесінің шешілу деңгейі жоғары. Былтыр Конту, Бөген, Қамыстыбас, Аралқұм, Шижаға, Аманөткел елді мекендерінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары қарқынды жүрді. Сондай-ақ, газбен қамту, электр желісін жаңарту, көркейту-көгалдандыру секілді жұмыстар да назарда.