Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қала аумағын көркейту мақсатында әзірленген жобалар көп

Қала аумағын көркейту мақсатында әзірленген жобалар көп


Бұл туралы Қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ғабит Қожахметов айтты.
Соңғы жылдары қаламыздың сәулеттік келбеті жақсарып, халыққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруда игі істер жүзеге асырылуда. Бұған қоса қала аумағын абаттандыру, көркейту мақсатында түрлі жобалар әзірленіп, ұсыныс ретінде енгізілді. Ұсынылған жобалардың қатарында, «Ботаникалық саябақ», «Зеленый бульвар» жобасы, А.Иманов ескерткішін орналастыру, «Арбатты» қайта жаңғырту, Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадион маңын, Сұлтан Бейбарыс көшесін абаттандыру, А.Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту мақсатында граффити сурет орналастыру, №4 мектеп ғимаратын сыртқы келбетін жаңарту жобасы және тағы да басқа жобалар қамтылған.
Сонымен қатар, бөлім тарапынан қала көркіне кері әсерін тигізген аяқталмаған құрылыс объектілер бойынша прокуротура органдарымен бірлесіп, қала аумағындағы құрылысы толық аяқталмаған нысандардың тізімі жасақталып, бүгінгі күнге 85 құрылыс нысандардың 62 қалпына келтіріліп, қалған 23 объекті бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан 730-нен астам рұқсаты жоқ кәсіпкерлік нысандарға тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 168-нысанда орналасқан заңсыз жарнамалар алынып тасталды.
01 желтоқсан 2019 ж. 741 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 084 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам