Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әлеуметтік мәселе – тұрмыс сапасын арттырады

Әлеуметтік мәселе – тұрмыс сапасын арттырады

    Сыр өңірінің бас шаһары – Қызылорда қаласының келбеті жылдан-жылға құлпырып, жаңарып-жасарды. Соңғы жылдары қала көлемі бірнеше есеге ұлғайып, халық саны өсті. Құрылыс нысандары мен тұрғын үй көбейіп, жаңа аудандар бой түзеді. Ал осылайша, қала аумағының кеңейіп, тұрғындар санының артуы үлкен сұраныс пен сапаны қажет етеді. Осыған орай, аймақта инфрақұрылымды дамытуға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында түрлі жобалар қолға алынып, еліміздің өмір сүру сапасы жақсарып келеді.
Бүгінде халыққа мемлекеттен жер телімі берілсе, алдымен оның инфрақұрылымдық жүйесі жолға қойылуы тиіс. Бұл – қазіргі күннің талабы. Жергілікті әкімдер халықтың жағдайын оңтайландыруда осы мәселеге аса мән береді. Қала аумағын айтпағанның өзінде, өңірімізге қарасты ауылдық жерлерде бұл жайттар жолға қойылып үлгерген. Айталық, қала су құбырларының 70 пайыздан астамы жаңғыртылған. Су – тіршілік көзі. Алғашқы кезекте халықтың таза сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл мақсатта қаланың инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға республикалық, облыстық, қалалық бюджеттерден өткен жылы 2,8 млрд. теңге бөлінген. Атап айтқанда, «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 13 жобаға республикалық бюджеттен бөлінген 1,6 млрд. теңгеге 10 шақырым ауыз су, 7 шақырым кәріз су құбырлары қайта жаңғыртудан өткен. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарлама аясында "Мерей", "Ақмешіт" мөлтек аудандарына 587 млн. теңге бөлініп, 12 шақырым кәріз су құбырлары қайта қалпына келтірілген.
Қаланың жылу жүйелерін жаңарту да қарқын алып келеді. Былтыр 8 жобаға 2,2 млрд. теңге қаралып, 1 насостық станция алынды. Жалпы көлемі156 шақырымнан аса ауыз су құбыры тартылып, 29 шақырымнан аса кәріз құбыры іске қосылды.  
Аймақтың бас жоспарына енгізілген өзгерістер нәтижесінде қала аумағын игеруге қатысты қаржы кезең-кезеңімен қаралып, инженерлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары шешімін тапты.  
Қаламызды жасыл желекке айналдыру мақсатында көгалдандыру жұмыстары да қарқын алуда. Айталық, шаһар бойынша 52 аллея мен сквер бар. Аталған аумақтарға жыл бойынша мыңдаған көшеттер мен гүлзарлар отырғызылған. Заман талабына сай қаланың әсем келбетін айшықтайтын түрлі архитектуралық формалар орналастырылып, жаңа демалыс орындары мен саябақтар салынуда.
Мұның барлығы өз кезегінде қаламыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің жақсарғанын дәлелдейді.
Айнұр ТӨРЕМҰРАТОВА.
16 мамыр 2019 ж. 1 013 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам