СӘУЛЕТ-ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КЕҢЕСІ ӨТКІЗІЛДІ
Қала әкімінің орынбасары Н.Мақсұтовтың төрағалығымен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы ғимаратында қала әкімінің жанындағы сәулет-қала құрылысы Кеңесі өткізілді.
«Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Ержанов, сонымен қатар қала әкімдігінің дербес бөлім басшылары, облыстық кәсіпкерлік палатасының өкілдері, сәулетшілер, БАҚ өкілдері және басқа да құзырлы органдардың тұлғалары қатысты. Бірқатар өзекті мәселелердің жобалары қарастырылып, кеңес мүшелерінің пікірлері мен ұсыныстары талқыланды.