Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

"Алдағы күндері солтүстік, орталық және шығыс облыстарда Қазақстан территориясы арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттармен жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі. Фронттардың орнына антициклон келіп, республиканың оңтүстік, содан кейін орталық, шығыс және солтүстік облыстарында жауын-шашынның тоқтауы күтіледі, бірақ тұман мен көктайғақ сақталады", - делінген хабарламада. Биіктегі ауа массаларының ағымы батыс бағытынан болғандықтан, ауа температурасы біраз төмендесе де, орташа көпжылдық мәннен жоғары болып қалады.