Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ғибраты мол ғасыр тойы

Ғибраты мол ғасыр тойы

   Облыс орталығындағы №2 «Мұрагер» мектебі ғасырлық тойын атап өтті. Білім ордасының іргетасы 1919 жылы қаланған болатын. Тарихы тағылымды білім ошағының  мерейтойы облыстық  Н.Бекежанов атындағы драма театрында ұйымдастырылды.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов қатысты. Облыс әкімінің орынбасары аталмыш мектептің ғасырлық тарихында терең де тағылымды тарихи жолдан өтіп, биік белесті бағындырғанын айтып өтті.
– Талайдың бағын ашқан алтын ұя мен онда қызмет жасаған асыл ұстаздарды әрдайым мақтаныш етеміз. Сондықтан білім бәсекесінде тек қалалық деңгейде ғана емес, облыстық көлемде зор маңызға ие мектептің ғасырлық мерейтойы – ортақ қуанышымыз. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде білім ошағының үлесі зор. Өңір тарихында шәкірт тәрбиелеу жолындағы еңбегі ұшан-теңіз, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Бір ғасырда оқу ордасының іргесі бекіп, керегесі кеңіді. Білім шаңырағы биік белестен өтті. Алғашқы директоры Дарья Теплова 1940 жылға дейін 20 жылдан астам уақыт басқарды.  Одан кейін де мұнда білікті, тәжірибесі мол мамандар келдіғибраты мол шаңырақтың зор белестерді бағындыруына өз үлесін қосты. Олар шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, мектептің әл-ауқатын арттыруға да барынша күш жұмсады. Әрқайсысы өз қолтаңбасын қалдырды.
Содан бергі уақыт ішінде таудай талай тұлға қалыптастырған алтын ордаға айналды. 1969 жылы мектеп оқушылары ағылшын тілін тереңдетіп оқи бастайды.
 «Ағаш жапырағымен, адам ұрпағымен, ал ұстаз шәкіртімен көрікті» деген сөз бар. Осы мектептен білім нәрін алып, көктеген талай жас шыбықтың тамыры тереңдеп еменге айналғанына қала жұртшылығы куә. Ғасырлық уақытта талай ұрпақ білім алып, тәрбие көріп, болашаққа қадам басты. Берісі – қала, облыс, әрісі республиканың экономикасы мен мәдениетіне үлесін қосуда. Мерекелік жиынға мұнда қызмет жасаған ардагер ұстаздар мен оқыған түлектер келді. Олар мектеп ұжымына ізгі тілегін білдірді.
Мерейтойда аталған мектептің білікті ұстаздары облыс және қала әкімінің алғыс хаттары мен арнайы дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, бірнеше ұстаз арнайы қала әкімінің атынан Нұр-Сұлтан қаласына демалысқа жолдамаға ие болды.
Бүгінде мектеп заманауи тұрғыда дами түскен. Білім ордасында жас өрендерге барлық мүмкіндік жасалған. Үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінде қазіргі уақытта 4 мыңнан астам шәкірт білім алып, 431 ұстаз еңбек етуде. Мұнда спортзалдар, зертханалар, лингвистикалық және компьютерлік сыныптармен жабдықталған. Пәндер үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілінде оқытылады.
Ғасыр жасаған мектептің жеткен жетістігі де аз емес. Мәселен, соңғы 10 жылдың өзінде, яғни 2009 жылы ҰБТ нәтижесімен ҚР «Ең үздік 100 мектеп» қатарына енсе, 2012-2018 жылдар аралығында «ХХІ ғасырға лайық Ең үздік инновациялық мектеп», «Білім – алтын қазынасы», «Үздік білім ордасы», «Білім бәйтерегі» номинацияларының жеңімпазы атанған. Ал, 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Рухани мұра мектебі» номинациясын иеленді.
Бүгінгі кеште мектеп тарихынан сыр шертер көрме жасақталған. Салтанатты шара соңы мерейтойлық концетке ұласты.
Айтолқын АЙТЖАНОВА
10 желтоқсан 2019 ж. 1 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 834 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам