Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сан қыранды самғатқан

Сан қыранды самғатқан

   Облыс орталығындағы №3 ІТ мектеп-лицейі 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Білім ордасының іргетасы 1939 жылы қаланған. Ғимарат бастапқыда 337 оқушыға арналып салынған . Сол кездері мектепте небәрі 9 мұғалім сабақ берген еді. Ал Ұлы Отан соғысы жылдарында ғимарат жаралы  майдангерлерге  қол ұшын беретін әскери  госпитальге айналды. Сұрапыл соғыс аяқталғаннан кейін 1950 жылдары бұрын бастауыш  деңгейдегі білім ордасына мектеп мәртебесі берілген.
Тарихы тағылымды білім ошағының мерейтойы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Тағылым. Таным. Тарих» деген тақырыппен атап өтілді. Салтанатты шараға қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. 
Іргелі білім ошағын 80 жылдық мерейтойымен құтттықтаған қала әкімі мектептің өркендеуіне үлес қосқан ұстаздарды Ы.Алтынсарин және «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілермен марапаттады. Сонымен қатар, бала тәрбиесіне бей-жай қарамай, озат оқушы тәрбиелеген ата-аналар «Алғыс хатқа» ие болды.
Өзінің 80 жылдық білім шаңырағы биік белестерден өтті. Еліміз тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдардағы өтпелі кезеңнің қиыншылықтары сол кездері басшылық жасаған директор Аманкелді Исаевқа да оңай тиген жоқ. Білімділігі, ұйымдастырушылық қабілеті, қайсарлығының арқасында педагог мектеп өміріне жаңа тыныс әкелді. Ол 1990 жылдан 2007 жылға дейін білім ордасын басқарды. Тоқсаныншы жылдардан бастап Аманкелді Жолмырзаұлы №3 мектепте алғашқы қазақ сыныптарын  ашып,  жарты ғасырдан астам орыс тілінде білім беріп келе жатқан білім мекемесіне өзгеріс енгізді. Осындай еңбегі еленген ардақты азамат салтанатты шарада «Ұлағатты ұстаз» алтын медалімен марапатталды.
Одан кейін де мұнда білікті, тәжірибесі мол мамандар келді. Олар шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, мектептің әл-ауқатын арттыруға да барынша оқу ошағы күш жұмсады. Әрқайсысы өз қолтаңбасын қалдырды.
Мектеп 80 жыл ішінде тарыдай бүлдіршіннен таудай тұлға қалыптастырған алтын ордаға айналды. Соңғы үш  жылдан бері Меруерт Әбдіхалықова осы ұжымды басқарып келеді. Мерейтойлық  кеште мектеп директоры түлектерді құттықтады. Ол осы жылдар ішінде терең де тағылымды тарихи жолдан өтіп, биік белестерді бағындырғанын айтып өтті.
– Бүгін біздің алтын ұямызда үлкен той, мереке. Сонау 1939 жылы іргетасы қаланған білім шаңырағына бүгінде 80 жыл толды. Осынау уақыт ішінде мұнда қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді. Талайдың бағын ашқан алтын ұя мен онда қызмет жасаған асыл ұстаздарды әрдайым мақтаныш етеміз. Сондықтан білім бәсекесінде тек қалалық деңгейде ғана емес, облыстық көлемде зор маңызға ие мектептің мерейтойы – ортақ қуанышымыз. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде оқу ошағының үлесі зор, – деді мектеп директоры.
«Ағаш жапырағымен, адам ұрпағымен, ал ұстаз шәкіртімен көрікті» деген. Осы мектептен көктеген талай жас шыбықтың тамыры тереңдеп алып еменге айналғанына қала жұртшылығы куә. Талай ұрпақ білім алып, тәрбие көріп, болашаққа қадам басты. Берісі – қала, облыс, әрісі республиканың экономикасы мен мәдениетіне үлестерін қосуда. Мерекелік жиында ақ тілегін  білдіруде  шетелде оқып жүрген түлектері де шет қалмапты. Олардың Ресейден, Малайзиядан, Қытайдан, Чехиядан, Түркиядан, БАӘ елдерінен алтын ұя мектебі мен аяулы ұстаздарына  шын жүректен  жолдаған тілектері лэд-экраннан тамашаланды. Олар мектеп ұжымына ізгі тілегін білдірді.
Бүгінде білім ордасында өрендерге барлық мүмкіндіктер жасалған. Қазіргі таңда қазақ және орыс тілдерінде білім беретін ғимаратта 61 сынып кешені бар. Онда екі ауысымда 1949 өрен оқиды. Оларға 164 педагог білім нәрін құяды. Өңірдегі алғашқы инновациялық білім ұясына айналды. Алдағы уақытта оқу ошағынан IT сыныптар ашу, робототехника саласын дамыту сынды бағыттар педагогикалық ұжымға жауапкершілік жүгін артып отыр.
Салтанатты шара соңы мерейтойлық концетке құласты. Кеш қонақтары мәдениет үйінің фойесіне қойылған «Мектебімнің мәңгілік мәртебесі» тақырыбындағы көрмені тамашалады.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
22 сәуір 2019 ж. 1 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам